Әлемдік банк елімізде мақта және тоқыма өнеркәсібін дамытуға арнап 3 млн. доллар бөлмекші - kaz.caravan.kz
  • $ 514.74
  • 599.36
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
9 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлемдік банк елімізде мақта және тоқыма өнеркәсібін дамытуға арнап 3 млн. доллар бөлмекші

Әлемдік банк елімізде мақта және тоқыма өнеркәсібін дамытуға арнап 3 млн. доллар бөлмекші

Әлемдік банк Қазақстандық өнім өндірушілерді мақта өнеркәсібі саласындағы дүниежүзілік маркетингтік зерттеулерді таныстыру бағдарламасы аясында елімізде мақта және тоқыма өнеркәсібін дамытуға арнап 3 млн. доллар бөлмекші. Бұл туралы бүгін, 12-мамырда Астанада өткен халықаралық мақта және тоқыма конференциясында Әлемдік банктің сарпшысы, ауылшаруашылығын дамыту жөніндегі бас маман Маурицио Гуадани мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 12 Мамыр 2005
  • 705
Фото - Caravan.kz

Төрт жылдық бағдарлама республика парламентінде бекітілгеннен кейін жүзеге асырыла бастайды. Сонымен бірге Әлемдік банк елімізде мақта сапасын зерттеу жөніндегі ұлттық зертхана құруға жәрдемдесуге ниет білдіріп отыр. «Біз әлі жинап алынбаған мақтаның сапасын алдын-ала бағалауға грант бөлуге келісеміз»,- деді М.Гуадани.

Қазақстанда мақта өнеркәсібін дамытудың болашағы зор екенін атап өткен Әлемдік банктің сарапшысы бүгінгі таңда мұндағы мақта және тоқыма өнеркәсібі тұралау сатысында екенін, ал мақта өсіру ауқымы өткен ғасырдың 90-шы жылдарындағы деңгейде екенін айтты. Мақта өнеркәсібін дамытуға кедергі болып отырған себептер ретінде сарапшы «шаруа қожалықтарының бытыраңқылығын» атады. Соның кесірінен өнімнің сапасын арттыру және өндіріс технологиясын дамыту саласында олармен орталықтандыра жұмыс жүргізу мүмкін болмай отыр, деді ол.
Оның айтуынша, Әлемдік банк осыдан үш жыл бұрын Өзбекстанда осындай жеті жылдық бағдарламаны жүзеге асыру арқылы мақта индустриясын құру саласында табысты тәжірибе жинақтады. «Бүгінде Өзбекстан мақта және тоқыма өнеркәсібі саласындағы іс-қызметтен жыл сайын 84 млн. доллар тауып отыр»,- деді М.Гуадани.

Перейти к новостям спорта