Әлемдік банк Қазақстанда ауылшаруашылығын қолдау бағдарламасының екінші кезеңін жүзеге асыруға 35 млн. доллар көлемінде несие бөлуді мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
8 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлемдік банк Қазақстанда ауылшаруашылығын қолдау бағдарламасының екінші кезеңін жүзеге асыруға 35 млн. доллар көлемінде несие бөлуді мақұлдады

Әлемдік банк Қазақстанда ауылшаруашылығын қолдау бағдарламасының екінші кезеңін жүзеге асыруға 35 млн. доллар көлемінде несие бөлуді мақұлдады

Әлемдік банк Қазақстанда жекешелендіруден кейінгі ауылшаруашылығына қолдау көрсету бағдарламасының екінші кезеңін жүзеге асыруға 35 млн. доллар көлемінде несие бөлуді мақұлдады. Бұл туралы Әлемдік банк бүгін, 15-желтоқсанда таратқан хабарламада айтылған.

  • 15 Желтоқсан 2004
  • 746
Фото - Caravan.kz

Жекешелендіруден кейінгі Қазақстан ауылшаруашылығына қолдау көрсету бағдарламасының жобасы ауылдардағы ақыл-кеңес беру қызметтері бағдарламасының аясын кеңейту және оларды нығайту арқылы ауыл тұрғындарының қаржылық қызметке қол жеткізу мүмкіндіктерін арттыруға, ауылшаруашылығы өндірісіндегі тәуекелді басқару жөніндегі бастамаларға қолдау көрсетуге, коммерциялық банктер мен лизингтік компаниялардың жаңа қаржылық құралдарды ойлап тауып, қолданысқа енгізуіне түрткі болуға, ресми банк секторының қызметі аясына қамтыла қоймаған ауылдық ұсақ кәсіпкерлерге шағын несиелер тарату жөніндегі тұрақты бағдарламаларды қолдауға бағытталады.

«Бұл жобаның түпкі мақсаты — шағын шаруашылықтардың игілігі үшін ауылшаруашылығындағы қаржылық делдалдық аясын кеңейтуге ынталандыру, сол арқылы шаруашылықтарды дамыту, олардың бәсекелестік қабілетін арттыру, ақырғы нәтиже ретінде шағын өнім өндірушілердің кірісін арттыру үшін оларға қажетті қаржы көзіне қол жеткізу мүмкіндігін кеңейту болып табылады»,- деді банктің қазақстандағы тұрақты өкілі Лу Брефор. Жобаның түпкі мақсаты — шағын және орта алшаруашылығы кәсіпорындарының ролін арттыруға саяды.
Жобаның жалпы құны 96,1 млн. долларды құрайды. Ауылдық жерлердегі қаржылық ақыл-кеңестер беру шарасы аясында фермерлер арасында қазіргі қаржылық құралдар туралы ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын ұйымдастыру, сондай-ақ, бизнес-жоспарлар жасау және қаржы көздерін іздестіру жұмыстарына қолғабыс жасау көзделіп отыр. Жоба бойынша сондай-ақ ауылдық жерлерде жеке консультанттардың ұлттық желісін құру үшін 600 жеке консультантты дайындауға қолдау көрсету межеленген. Олар бизнес жоспар жасау, қаржылық өнімдер, салық салу, құқықтық-нормативтік базаға талдау жасау мәселелер бойынша ауыл тұрғындарына ақыл-кеңестер береді.
Ал ауылшаруашылығы өндірісіндегі тәуекелді басқару жөніндегі жоба бөлігі күн райының қолайсыздығы белең алған жағдайда фермерлердің ауылшаруашылығы өндірісіндегі шығындарының орнын толтырып беруге кепілдік беруді қамтамасыз етуге бағытталады.
Бағалық тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлім бойынша ҚР үкіметіне жаңа тауар биржаларының пайда болуына қолайлы жағдай жасау бағытында қолдау көрсетіліп, тауарлық биржаларды құру және басқару салаларындағы таңдаулы әлемдік тәжірибелер таныстырылады.
Ауыл тұрғындарының қаржылық қызметке қол жеткізу мүмкіндіктерін арттыру бағдарламасының аясында коммерциялық банктер мен лизингтік компаниялар ауылдарға инвестициялық несие беру ауқымын арттырады. Бұл орайда ауыл тұрғындарының басым бөлігі дәстүрлі несиелендіру аясына қамтылумен бірге ауылшарашылығы техникасын лизингіге беру сынды дәстүрлі емес қаржылық құралдардың жиынтығы арттырылады.
Ал ауылдық жерлердегі шағын көлемде қаржыландыру жұмыстарын дамыту жөніндегі бағдарлама компоненті аясында микроқаржыландыру жөніндегі инститтуттар үшін инновациялық өнімдерді қолданысқа енгізуге бағытталған пилотты жоба жасап қолдана бастау, коммерциялық банктермен арадағы байланысты нығайтуға ынталандыру көзделген.

Перейти к новостям спорта