Әлемдік банк Қазақстанды әртүрлі инвестициялық қорларды басқаруда мейлінше ашықтыққа шақырады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлемдік банк Қазақстанды әртүрлі инвестициялық қорларды басқаруда мейлінше ашықтыққа шақырады

Әлемдік банк Қазақстанды әртүрлі инвестициялық қорларды басқаруда мейлінше ашықтыққа шақырады

Халықаралық валюта қоры сияқты Әлемдік банк те ҚР үкіметі тарапынан құрылған арнаулы инвестициялық қорлардың санына және оларды басқарудағы ашықтық деңгейінің төмендігіне алаңдаушылық білдіреді. Бұл туралы бүгін, 11-қарашада Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Әлемдік банк өкілдері мәлімдеді.

  • 11 Қараша 2003
  • 449
Фото - Caravan.kz

Осыған байланысты Әлемдік банк Қазақстан өкіметін осындай мемлекеттік құрылымдардың ресурсын басқаруда ашықтықты мейлінше қамтамасыз етуге шақырды. «Мұндай құрылымдарды төтенше транпарентті жағдайда басқару дұрыс, сондай-ақ, олардың жұмысын нақты ережелерге сәйкес ұйымдастырған жөн»,- деді Әлемдік банктің Орталық Азия аймақтық өкілдігінің басшысы Деннис де Трэй.

Оның айтуынша, «мұндай жағдайлар минералдық байлықтарды пайдаланудан түскен кірісті ең тиімді пайдалану мәселесі төңірегінде ҚР үкіметінің толғаныстары одан әрі жалғасын тапқанын паш етеді».
Осы орайда Д.Трэй мұндай мәселені шешуде «ең бастысы басқа елдердің тәжірибесінен сабақ алу » дұрыстығын атап көрсетті.
«Қазақстан көп кешікпей Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өтуді көздеп отыр, сол себепті ел экономикасы бәсекелік қабілетке ие болуы тиіс. Басқа елдердегі даму банктері мен арнаулы қорлардың тарихы олардың көп жағдайда болашақта бәсекелестік қабілетке ие бола алмайтын салаларды дамытуға пайдаланылғандығын көрсетіп берді»,- деді өкілдік басшысы.

Соңғы жаңалықтар