Әлемдік басылымдарда қазақстандық ғалымдардың жұмысына жасалған сілтеме саны 3 есеге артқан - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлемдік басылымдарда қазақстандық ғалымдардың жұмысына жасалған сілтеме саны 3 есеге артқан

Әлемдік басылымдарда қазақстандық ғалымдардың жұмысына жасалған сілтеме саны 3 есеге артқан

Соңғы уақытта әлемдік басылымдарда қазақстандық ғалымдардың жұмысына жасалған сілтеме саны 3 есеге артты.

  • 9 Қараша 2012
  • 342
Фото - Caravan.kz

Бүгін Сенатта «Ғылым туралы» ҚР Заңының және Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі 2010-2014 жылдарға мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуы аясында ғылым дамуының жай-күйі мен перспективалары» тақырыбына арналған конференция барысында сөз сөйлеген Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов осылай мәлім етті.

Сөз арасында министр қазақстандық ғалымдардың еңбектері шетелдік рейтингі жоғары журналдарда көптеп жариялана бастағанына тоқталып, соңғы 2 жыл ішінде беделді әлемдік журналдарда жарияланған мақалалар саны 2 есеге өскенін айтты. «Мысалы, өткен жылы ғалымдардың 478 мақаласы шықты. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың бірінші жартысының өзінде 500-ден астам мақала жарияланды. Жылдың соңына дейін бұл көрсеткіш 800-ден 1000-ға дейін жетуі мүмкін. Бұл -нағыз ілгерілеу», — дейді Бақытжан Жұмағұлов.

Бұл ретте министр әлемдік тәжірибеде елдер ғылыми мақалалары бойынша 3 топқа бөлінетінін жеткізді. Соған сәйкес, қазіргі уақытта Қазақстан 5 жылда 1 мыңнан 10 мыңға дейін мақала жариялап 2-ші топқа еніп отыр.

«Біздің халықаралық мақалалардың сапасы шетелдік сападан еш кем емес. Мұны біз үнемі цитата келтіру индексі бойынша бақылап отырамыз. Соңғы уақытта әлемдік басылымдарда қазақстандық ғалымдардың жұмысына жасалған сілтеме саны 3 есеге артты», — дейді министр.

Бұдан бөлек, Б. Жұмағұлов қазақстандық ғалымдардың әлемдік деңгейдегі зерттеулерге қол жеткізе бастағанына да тоқталды. Оның айтуынша, ең алдымен АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Израиль, Испания, Италия, Канада, Польша, Оңтүстік Корея, Жапония сияқты елдермен байланыс жақсы дамып келеді.

Соңғы жаңалықтар