Әлемдік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры мен БҰҰ Балалар қорының атқарушы директоры Қазақстанға келеді
Астана. 13 қазан. "Қазақстан Бүгін" - 14-16 қазанда Әлемдік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Маргарет Чен және БҰҰ Балалар қорының атқарушы директоры Анн Венеман Қазақстанға алғашқы ресми сапармен келмек. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі. |
Сапар щеңберіндегі ел басшыларымен кездесулер барысында ӘДҰ және БҰҰБҚ-пен карым-қатынастың өзекті мәселелері, сонымен қатар оның болашағы жөнінде пікір алысуы жоспарлануда.
Сондай-ақ Маргарет Чен мен Анн Венеман 2008 жылғы 15-16 қазан айында Алматыда өтетін Алматы Декларациясының 30 жылдығына арналған халықаралық мерейтойлық конференцияға қатысып, Әлемдегі денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі ӘДҰ-ның баяндамасының ғаламдық тұсаукесерін өткізеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін