Әлемдік футбол сарапшылары «Астана» клубына қатысты пікірлерін өзгертіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлемдік футбол сарапшылары «Астана» клубына қатысты пікірлерін өзгертіп жатыр

Әлемдік футбол сарапшылары «Астана» клубына қатысты пікірлерін өзгертіп жатыр

Жеңіске бергісіз тең ойын! «Астана» футбол клубы Чемпиондар лигасы аясында қол жеткізген екінші ұпайын тойлап жатыр. Испанияның атақты «Атлетико»-сымен тең ойнаған жерлестеріміздің жеңіске жетуіне мүмкіндік бар еді. Тек сәттілік жолдас болмады.

  • 5 Қараша 2015
  • 280
Фото - Caravan.kz

Қарымта матч қарқынды шабуылдармен басталған. Қос команда да бір бірінің қақпасында қауіпті сәттер жасаумен болды. Бірақ, ойынның соңына дейін гол салынған жоқ. Есеп 0:0. Бұл тең ойын астаналық футболшыларға екінші ұпай әкелді. Мұны «Астана Аренаға» көз тіккен күллі әлем сенсацияға балап жатыр. Өйткені, осы матчта «Атлетико» фаворит деп танылып, айқын жеңіске жетеді деген сенімді болжамдар жасалған. Елордалық ойыншылардың кезекті қарсыласы да осал емес. Атағынан ат үркетін Португалияның «Бенфикасымен» футболшыларымыз осы айдың 23-інде өз алаңында ойнайды. Ал, барлық облыстан келген жанкүйерлер, сүйікті командасының жеңісін түннен таңға дейін тойлап, Елорданы шулатты.

Соңғы жаңалықтар