Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Сама Бильбао-И-Леонның пікірінше, бұл салада әбден ысылған мемлекеттермен әріптестік орнату өте маңызды. Ол елдер инфрақұрылымды жоспарлау, нормативті-құқықтық база құру және қаржыландыру сияқты мәселелер бойынша бай тәжірибелерімен бөлісуге әзір.
Халықаралық сарапшы Қазақстанмен қатар Өзбекстан, Қырғызстан сияқты Орталық Азия мемлекеттерінің таза энергия өндірісіне ерекше қызығушылық танытып отырғанын айтады.
“Осы жылы біз Қазақстанда болып, Дүниежүзілік ядролық форум өткіздік. Әлемнің түкпір-түкпірінен сарапшыларды шақырып, саланың қай бағытта дамып жатқаны жайлы ақпарат бердік. Қазақстан таза энергияны АЭС арқылы табуға ниеттенген жағдайда біз озық тәжірибелерімізбен бөлісуге әрдайым әзірміз”, — деді Дүниежүзілік ядролық қауымдастықтың бас директоры Сама Бильбао-И-Леон.