Әлемдік мұнай бағасы төмендеуде - kaz.caravan.kz
  • $ 511.92
  • 588.91
+21 °C
Алматы
2025 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлемдік мұнай бағасы төмендеуде

Әлемдік мұнай бағасы төмендеуде

Әлемдік мұнай бағасы нарықтағы ұсыныстың артуына байланысты төмендеп келеді, - деп хабарлады http://24.kz/

  • 17 Тамыз 2015
  • 484
Фото - Caravan.kz


Брент үлгісіндегі қара алтынның фьючерстік құны бүгін 1 пайызға құлдырады. Оның баррелі 48,5 доллардан сатылып жатыр. WTI да осыншама арзандап, 42 долларға бағаланып отыр. ОПЕК мәліметтері бойынша, ұсыныс тәулігіне шамамен 3 миллион баррельге артық. Нарықтағы биржа көрсеткіштерінің төмендеуіне Жапония экономикасының әлсіреуі туралы хабар да кері әсерін тигізіп отыр. Аралды мемлекеттің екінші тоқсан қорытындылары былтырғы жылмен салыстырғанда төмен болып шыққан.