Caravan Logo

Әлемдік мұнай бағасы төмендеуде

Әлемдік мұнай бағасы төмендеуде


Брент үлгісіндегі қара алтынның фьючерстік құны бүгін 1 пайызға құлдырады. Оның баррелі 48,5 доллардан сатылып жатыр. WTI да осыншама арзандап, 42 долларға бағаланып отыр. ОПЕК мәліметтері бойынша, ұсыныс тәулігіне шамамен 3 миллион баррельге артық. Нарықтағы биржа көрсеткіштерінің төмендеуіне Жапония экономикасының әлсіреуі туралы хабар да кері әсерін тигізіп отыр. Аралды мемлекеттің екінші тоқсан қорытындылары былтырғы жылмен салыстырғанда төмен болып шыққан.