Әлемдік нарықта бидай мен арпаның бағасы өсті - АШМ - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлемдік нарықта бидай мен арпаның бағасы өсті - АШМ

Әлемдік нарықта бидай мен арпаның бағасы өсті - АШМ

2024 жылғы егіннің астығы келіп жатқан тұста бағаның төмендеуі кезеңі тұрақты өсу үрдісіне жол берді

  • 20 Қазан
  • 11
Фото: kaz.people.cn

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Биылғы шілде айында егін жинау жұмыстары басталғаннан бері, Қара теңіздегі ресейлік бидайдың экспорттық бағасы Халықаралық астық кеңесінің мәліметі бойынша 216 АҚШ долларына бағаланды. Бұл логистика құнын ($90/т) алып тастағанда, қазақстандық бидайдың бағасы 61 мың теңге/т болды деген сөз. Алайда Қара теңіздегі бидайдың бағасы тоннасына 250 долларға дейін немесе теңгемен есептегенде 78 мың теңге/тоннаға дейін өсті.

Экспорттық бағадан кейін Ресей нарығындағы бағалар қымбаттады. Қазіргі уақытта Омбы облысында 23% клейковинасы бар 3-сыныпты бидайдың бағасы 14,5 мың рубль/т құрайды. Көлік шығындарын (2 мың рубль/тонна), кіріс ҚҚС төлеуді ескере отырып, Көкшетаудағы ресейлік бидайдың бағасы 84 мың теңге/тоннаны құрайды.

Қазіргі қазақстандық баға 74-81 мың теңге/тонна кезінде, отандық өндірушілер қолайлы бәсекелестік жағдайға ие.

Орталық Азия елдерінің сатып алушыларының ұсынысы қазір ресейлік баға деңгейіне негізделген 65-70 мың теңге/тонна деңгейінде. Бұл ретте, 23% клейковинасы бар бидай үшін 75 мың теңге/тоннаға дейін өсуге мүмкіндік бар, өйткені бұл нарықтар үшін мұндай бағадағы бидайдың балама жеткізілімі жоқ.

Осыған ұқсас жағдай арпа бойынша да қалыптасуда: Қара теңіздегі экспорттық арпаның ағымдағы бағасы 206 АҚШ долларына дейін көтерілді және одан әрі өсу тенденциясы сақталуда. Бұл ретте қазақстандық арпа қазір Ақтау портында 165-168 доллар/т. Сондай-ақ кем дегенде 175-185 АҚШ доллары/т деңгейіне дейін өсуге мүмкіндік бар. Бұл жағдайда арпа бағасы тоннасына 47-50 мың теңге/тоннадан кем дегенде 55-60 мың теңгеге дейін көтеріледі.