Әлемдік нарықтағы мұнай бағасының қымбаттай түсуі Әзербайжан Мемлекеттік мұнай қорына құйылатын түсімдерді арттыруға мүмкіндік береді - Әзербайжан мемлекеттік мұнай компаниясының президенті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлемдік нарықтағы мұнай бағасының қымбаттай түсуі Әзербайжан Мемлекеттік мұнай қорына  құйылатын түсімдерді арттыруға мүмкіндік береді - Әзербайжан мемлекеттік мұнай компаниясының президенті

Әлемдік нарықтағы мұнай бағасының қымбаттай түсуі Әзербайжан Мемлекеттік мұнай қорына құйылатын түсімдерді арттыруға мүмкіндік береді - Әзербайжан мемлекеттік мұнай компаниясының президенті

Әлемдік нарықтағы мұнай бағасының қымбаттай түсуі Әзербайжан Мемлекеттік мұнай қорына құйылатын түсімдер көлемін арттыруға мүмкіндік береді. KZ-today тілшісі Бакуден хабарлағанындай, бұл туралы Әзербайжан мемлекеттік мұнай компаниясының президенті Натик Әлиев мәлімдеді.

  • 11 Мамыр 2004
  • 529
Фото - Caravan.kz

Мемлекеттік мұнай компаниясы президентінің хабарлауынша, олардың есебі бойынша, орташа мұнай бағасы 14-16 доллар деңгейінде сақталған жағдайда да Әзербайжан «Ғасыр келісім-шарты » атанған жобаны («Азери»-«Чыраг»- «Гюнешли» (АЧГ) кеніштері блогын игеру жөніндегі) жүзеге асырудан 2006-жылдан бастап жыл сайын 1 млрд. доллар пайда табады. Ал қазір әлемдік нарықта мұнай бағасы шарықтап тұр : Еуропалық нарықта мұнайдың бір баррелінің бағасы 35 доллар болса, АҚШ-та 40 доллар шамасында. «Егер мұнайдың бір баррелінің бағасы 25 доллар көлемінде тұрақтаса, Әзербайжан жыл сайын 5 млрд. доллар пайда табады»,- деді Н.Әлиев.

2004-жылғы 1-сәуірдегі жағдаймен Әзербайжан Мемлекеттік мұнай қорында 803 млн. доллар жиналды.
«Азери»-«Чыраг»- «Гюнешли» кеніштері блогын игеру жөніндегі келісім-шартына 1994-жылдың 20-қыркүйегінде қол қойылып, сол жылдың 12-желтоқсанында күшіне енді. Жобаға қатысушылар мыналар : BP (34,1367% — оператор), Unocal (10,2814%), ExxonMobil (8,0006%), Devon Energy (5,6262%), Amerada Hess (1,0413%), ГHКАР (10%), Inрex Corр. (10%), ITOCHU Oil (3,9205%), Statoil (8,5633%), TPAO (6,75%) және Delta Oil (1,68%).
Қазіргі жағдаймен АЧГ шарты аясында тек Чыраг кенішінде ғана мұнай өндірілуде. Ал 2006 жыл басында «Азери» кенішінің орталық бөлігі игеріле бастап, онда жылына 20 млн. тонна мұнай өндірілетін болады. 2006-жылдың екінші тоқсаны мен 2007-жылдың бірінші тоқсанында Азери кенішінің батыс және шығыс бөліктерінде мұнай өндіру қолға алынып, бұл жерде де жылына 20 млн. тонна мұнай шығарылады деп күтілуде.
«Гюнешли» кенішінде мұнай өндіру 2008-жылы қолға алынады. 2009-2010-жылдары «АЧГ» блогында тәулігіне 1 млн. баррель (жылына 50 млн. тонна) мұнай өндірілетін болады.
Ал бұған дейін Әзербайжан «Ғасыр келісім-шарты » атанған жобаны жүзеге асыру нәтижесінде 2008-2009-жылдан бастап 5 млрд. доллар пайда табады деп межеленген болатын.

Соңғы жаңалықтар