Әлемдік қалайы нарығында құлдырау жалғасты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлемдік қалайы нарығында құлдырау жалғасты

Әлемдік қалайы нарығында құлдырау жалғасты

Алматы. 26 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Әлемдік қалайы нарығында құлдырау жалғасты. Лондон металл биржасындағы (London Metal Exchange - LME) соңғы сауда-саттық кезінде бүгін бар қалайының бағасы арзандады. LME бақылауындағы қоймалардағы қалайы қоры өткен айда бұрынғы деңгейде қалды.

  • 26 Қыркүйек 2008
  • 523
Фото - Caravan.kz

Металлдар бағасы валюта бағалары туралы кереғар жаңалықтар мен қаржы нарықтарындағы ахуалға байланысты құбылып тұр, сол себепті қалайы нарығы АҚШ әкімшілігінің Конгресске ұсынған жоспарының өтуіне қаржы секторларының қататын жауабын қадағалауда.

MF Global брокерлік компаниясының пайымдауынша, түсті металл түрлерінің бағасы одан әрі төмендей бермек. Нарықтар АҚШ Конгрессі әкімшіліктің жоспарына қарсы резолюция қою мүмкіндігін сезіне сала доллардың бағасы өзгереді, соған сәйкес металл бағаларының динамикасы да өзгермек, деп санайды MF Global талдаушысы Ed Meir.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар