Әлемдік қаржы дағдарысы мәселелері бойынша Қытай жағымен пікір алмасу Қазақстан үкіметінің экономикалық саясатта шешімдер қабылдауы үшін пайдалы болмақ - Кәрім Мәсімов
Астана. 31 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Әлемдік қаржы дағдарысы мәселелері бойынша Қытай жағымен пікір алмасу Қазақстан үкіметінің экономикалық саясатта шешімдер қабылдауы үшін пайдалы болмақ. Бұл туралы бүгін Астанада ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік Кеңесінің премьері Вэнь Цзябаомен жүргізілген келіссөздердің қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі. |
"Қытай экономикасы қазір әлемдегі ең ірі экономика болғандықтан, ҚХР үкіметі қабылдаған шешімдер әлемдегі ахуалға әсерін тигізеді", - деді Кәрім Мәсімов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін