Әлемдік қаржы құралдарының 85 пайызы фармомедицина-биология саласында - Мұхамбетқали Бүркітбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлемдік қаржы құралдарының 85 пайызы фармомедицина-биология саласында - Мұхамбетқали Бүркітбаев

Әлемдік қаржы құралдарының 85 пайызы фармомедицина-биология саласында - Мұхамбетқали Бүркітбаев

Қазақстандық университеттерде медициналық-биологиялық кластердің болмауы олардың халықаралық рейтингтегі баллдарын айтарлықтай төмендетуде. Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан «Орталық Азиядағы жоғары білім берудің дамуы: сапаны қамтамасыз етудің, ақпараттың және саралаудың маңызы» деп аталатын аймақтық форумда айтылды.

  • 25 Қазан 2012
  • 570
Фото - Caravan.kz


«Медициналық-биологиялық кластер батыс елдерінде инновация мен қаржылай түсімді ең көп беретін сала. Әлемдік қаржы құралдарының 85 пайызы фармомедицина-биология саласында. Бізде медициналық факультеттер құрылымдық жағынан Білім және ғылым министрлігіне емес, Денсаулық сақтау министрлігіне қарайды», — дейді әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бірінші проректоры Мұхамбетқали Бүркітбаев. Оның айтуынша, бұған қазақстандық университтердің тарихи жағдайға қарай классикалық жүйеде құрылуы өз ықпалын тигізуде. Рейтинг әрбір университеттің өз стратегиясын құруына жақсы тетік бола алады. Өйткені рейтингтің барлық көрсеткіштері білім беру сапасын күшейтуге бағытталған. Ол білімнің өндірістік, технологиялық, қолданбалы қырларын дамытады. Себебі барлық білім ғылым арқылы келеді.

Соңғы жаңалықтар