Әлемдік қаржылық дағдарысқа байланысты ТМД шеңберінде қаржы министрлерінің деңгейінде жұмыс тобы құрылады - kaz.caravan.kz
  • $ 475.03
  • 517.21
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлемдік қаржылық дағдарысқа байланысты ТМД шеңберінде қаржы министрлерінің деңгейінде жұмыс тобы құрылады

Әлемдік қаржылық дағдарысқа байланысты ТМД шеңберінде қаржы министрлерінің деңгейінде жұмыс тобы құрылады

Бішкек. 10 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Әлемдік қаржылық дағдарысқа байланысты ТМД шеңберінде қаржы министрлерінің деңгейінде жұмыс тобы құрылады. Бұл туралы бүгін ТМД мемлекет басшыларының кеңесінде Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 10 Қазан 2008
  • 337
Фото - Caravan.kz

Жұмыс тобының бірінші отырысы таяудағы 10 күнде Мәскеуде өтеді.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Бішкекте «Ала-Арча» мемлекеттік резиденциясында ТМД мемлекет басшылары кеңесінің жиналысы өтуде. ТМД мемлекет басшылары Қырғызстан астанасына кеше кешке келген. Саммитке Өзбекстан мен Украина президенттерінен өзге барлық мемлекет басшылары қатысуда. Олар Бішкекке өз ресми өкілдері жіберген. Әзербайжан өкілдерін премьер-министр, Украина делегациясын — Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы басқаруда.

Саммиттің күн тәртібіне 20 жуық мәселе енгізілген. Олар ТМД елдері арасындағы саяси, экономикалық және гуманитарлық ықпалдастыққа арналады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті