Caravan Logo

Әлемдік қаржылық дағдарысқа байланысты ТМД шеңберінде қаржы министрлерінің деңгейінде жұмыс тобы құрылады

Әлемдік қаржылық дағдарысқа байланысты ТМД шеңберінде қаржы министрлерінің деңгейінде жұмыс тобы құрылады

Жұмыс тобының бірінші отырысы таяудағы 10 күнде Мәскеуде өтеді.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Бішкекте "Ала-Арча" мемлекеттік резиденциясында ТМД мемлекет басшылары кеңесінің жиналысы өтуде. ТМД мемлекет басшылары Қырғызстан астанасына кеше кешке келген. Саммитке Өзбекстан мен Украина президенттерінен өзге барлық мемлекет басшылары қатысуда. Олар Бішкекке өз ресми өкілдері жіберген. Әзербайжан өкілдерін премьер-министр, Украина делегациясын - Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы басқаруда.

Саммиттің күн тәртібіне 20 жуық мәселе енгізілген. Олар ТМД елдері арасындағы саяси, экономикалық және гуманитарлық ықпалдастыққа арналады.