Әлемдік қоғамдастық жаңа валюталық-қаржы жүйесіне ауысқан кезде ғана жаһандық дағдарыстан шығудың жолы көрінеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлемдік қоғамдастық жаңа валюталық-қаржы жүйесіне ауысқан кезде ғана жаһандық дағдарыстан шығудың жолы көрінеді

Әлемдік қоғамдастық жаңа валюталық-қаржы жүйесіне ауысқан кезде ғана жаһандық дағдарыстан шығудың жолы көрінеді

Әлемдік қоғамдастық жаңа валюталық-қаржы жүйесіне ауысқан кезде ғана жаһандық дағдарыстан шығудың жолы көрінеді. Қазақстан Президенті Н.Назарбаев Петербор форумының пленарлық отырысында бүгін осындай мәлімдеме жасады.

  • 20 Маусым 2011
  • 857
Фото - Caravan.kz

«Бұл өркендеудің тартушы күші, бірінші кезекте жаңа дәуірдің жетекшілері болады. Әзірге бір ғана мәселе анық емес: ол жаңа дәуірдің қашан басталатындығы. Мүмкін ол үшін дағдарыстың аяқталғаны мен жаңа дәуірдің басталғанын білдіретін құбылыстар мен көрсеткіштер туралы біздің нақты түсінігіміз болуы керек шығар», — деді Н.Назарбаев.

Елбасы өзінің «Дағдарыс кілті» деп аталатын еңбегі туралы форумға қатысушылардың есіне салды. Онда осындай үш критерий көрсетілген, олар: әлемдік валюта эмитентінің заңдылығы, демократиялылығы; бақылауда болуы, әлемдік валюта эмитентінің оның негізгі субъектілерінің алдындағы жауапкершілігі.

Президент, аталған критерийлер бойынша әлемде әзірге ешқандай өзгеріс болмағанын баса атап көрсетті.
Тиімсіз валюталық-қаржы жүйесін тез және нысаналы түрде ауыстыру керек. Бүгін Петербор экономикалық форумының пленарлық отырысында сөйлеген сөзінде Қазақстан Президенті Н.Назарбаев осылай айтты.

Пленарлық отырысқа арқау болып отырған «келешекте дағдарысты қалай болдырмауға болады?» деген сауалдың жауабы қысқа да нұсқа. Тиімсіз валюталық-қаржы жүйесін тез және нысаналы түрде ауыстыру керек», — деді Президент.

Елбасы форумға қатысушылардың назарын бірқатар өзекті аспектілерге аударды. Атап айтқанда, жаһандық ығыттар шикізатқа тәуелділіктен кетіп, орнықты, инновациялық дамуға ауысу қажеттілігін анықтап отырғанын жеткізді.

Мемлекет басшысы сондай-ақ Қазақстанның жаһандық ығыттарға қарсы күресу жоспарлары туралы әңгімелеп берді. «Өткен жылы біз Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын қабылдадық. Ол бағдарлама елімізді алдағы 10 жылдық кезеңде қайта жаңғыртудың негізгі бағыттарын анықтайды. Олар — экономиканы үдемелі түрде әртараптандыру, адам капиталын дамыту, жайлы іскерлік және инвестициялық климат, халыққа сапалы қызметтер көрсету және ұлтаралық келісім міндеттері. 2015 жылға дейін 80 миллиард долларға жуық соманың 500-дей жобасын жүзеге асыру, 200 мың жаңа жұмыс орнын құру жоспарланып отыр», — деді Н.Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар