Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының басшылығы жеке веб-сайт ашуды жоспарлауда - kaz.caravan.kz
  • $ 520.39
  • 609.58
+33 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының басшылығы жеке веб-сайт ашуды жоспарлауда

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының басшылығы жеке веб-сайт ашуды жоспарлауда

Алматы. 28 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының басшылығы жеке веб-сайт ашуды жоспарлауда. Бұл туралы хатшылық басшысы, Қазақстан парламенті сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаев Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының VII отырысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 28 Қазан 2008
  • 389
Фото - Caravan.kz

Веб-сайтта хатшылықтың барлық отырыстары мен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінде қабылданған барлық құжаттармен қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде танысуға болады. Сондай-ақ, онда Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінде жасалған баяндамаларды ішінара хатшылықтың басты жұмыс бағыттары жайлы баяндайтын бөлігін жариялау жоспарлануда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті