Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі хатшылығының VII отырысы жабылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі хатшылығының VII отырысы жабылды

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі хатшылығының VII отырысы жабылды

Алматы. 29 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі хатшылығының VII отырысы жабылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 30 Қазан 2008
  • 497
Фото - Caravan.kz

Жиынға қатысушылар алдында қорытынды сөз сөйлеген Қ.Тоқаев «қазіргі дүниеде түрлі діндер арасындағы үнқатысу бірлесу мен келісімге қол жеткізудің маңызды құралына айналды», деді.

Әлемнің қақтығыстар орын алған көптеген жерлерінде саяси және діни экстремизмнің көбеюі келісімге келуді қиындататынын атап өте келіп, Хатшылық Басшысы түрлі конфессиялар өкілдері жер жүзінде бейбітшілік пен келісімді орнықтыруға қомақты үлес қоса алатынын айтты.

Жиын қорытындысына тоқтала келіп Қ.Тоқаев «біз бүгін өзіміздің ортақ мүддеміз бен басты мақсатымыз қауіпсіздік, бейбітшілік және келісімге келу екеніне тағы бір рет көз жеткіздік» деді.

Отырысқа қатысушылар күн тәртібіне енгізілген барлық мәселелерді қарады, Хатшылықтың VII отырысының Хаттамасын бекітті және алдағы Әлем және дәстүрлі діндер лидерлері ІІІ Съезі тақырыптарының жобасын талқылады.

Сондай-ақ алдағы, 2009 жылғы 1-2 шілдеде Астанада өтетін Жиынның қорытынды құжаттарын әзірлеу жөніндегі Жұмыс тобының құрамы мақұлданды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар