Жарияланды: 610

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ІІІ съезі 2009 жылдың 1-2 шілдесінде Астанада өтеді

Алматы. 29 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ІІІ съезі 2009 жылдың 1-2 шілдесінде Астанада өтеді. Бұл туралы бүгін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының VII отырысының екінші күні хатшылық басшысы, Қазақстан парламенті сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Біз III съездің күн тәртібінің тақырыбы бойынша келісімге келдік. Біз хатшылықтың келесің отырысын өткізетін мерзімді белгіледік. Ең бастысы, ІІІ сьезді өткізетін мерзімді айқындап алдық. Алла қабыл көрсе, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ІІІ съезі 2009 жылдың 1-2 шілдесінде Астанада өтеді",- деді Қ.Тоқаев. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, "Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері ІІІ съезінің жалпы отырысында "Жаһандану жағдайында төзімді әлем құруда дін көшбасшыларының атқаратын рөлі" тақырыбын арқау етуді ұсынамыз",- деді Қ.Тоқаев кешегі отырыста. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін