Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ІІІ съезі БҰҰ-ның қолдауымен өткізіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ІІІ съезі БҰҰ-ның қолдауымен өткізіледі

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ІІІ съезі БҰҰ-ның қолдауымен өткізіледі

Алматы. 29 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ІІІ съезі БҰҰ-ның қолдауымен өткізіледі. Бұл туралы бүгін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының VII отырысының екінші күні хатшылық басшысы, Қазақстан парламенті сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 29 Қазан 2008
  • 534
Фото - Caravan.kz

«Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ІІІ съезі президент Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Бас ассамблеясының сессиясында ортаға салған бастамасы бойынша БҰҰ-ның қолдауымен өткізіледі. Құрметті қонақтар ретінде сьезге БҰҰ әкімшілігінің басшылары шақырылған»,- деді Қ.Тоқаев.

«Біз III съездің күн тәртібінің тақырыбы бойынша келісімге келдік. Біз хатшылықтың келесің отырысын өткізетін мерзімді белгіледік. Ең бастысы, ІІІ сьезді өткізетін мерзімді айқындап алдық. Алла қабыл көрсе, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ІІІ съезі 2009 жылдың 1-2 шілдесінде Астанада өтеді»,- деді Қ.Тоқаев.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері ІІІ съезінің жалпы отырысында «Жаһандану жағдайында төзімді әлем құруда дін көшбасшыларының атқаратын рөлі» тақырыбын арқау етуді ұсынамыз»,- деді Қ.Тоқаев кешегі отырыста.

Қазақстан жағы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының жеке веб-сайтын ашуды өз мойнына алды.

Веб-сайтта хатшылықтың барлық отырыстары мен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінде қабылданған барлық құжаттармен қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде танысуға болады. Сондай-ақ, онда Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінде жасалған баяндамаларды ішінара хатшылықтың басты жұмыс бағыттары жайлы баяндайтын бөлігін жариялау жоспарлануда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар