Хатшылықтың жұмыс тәртібіне сәйкес осы аядағы барлық шешім бір дауыстан қабылдануы тиіс, деді Н.Әбіқаев. «Хатшылық мәжілісі кезінде өрбіген қызу пікірталасқа қарамастан, біз мәжіліс күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша бірауыздылыққа қол жеткізе алдық».
Н.Әбіқавтың хабарлауынша, әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің екінші құрылтайының бағдарламасын талқылау барысында отырысқа қатысушылар «Дін және халықаралық қауіпсіздік», «Дін және қоғам» деген негізгі екі тақырыпты таңдады. Хатшылық жетекшісі «болашақ сьездің басты тақырыбын түбегейлі қабылдау үшін» әлі де бір жарым жыл бар екенін еске салды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің 2-құрылтайы хатшылығының мәжілісі кеше, 12-қазанда Түркістанда басталған. Мәжілісте әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің кезекті 2-құрылтайына дайындық және оны өткізуге қатысты мәселелер егжей-тегжейлі талқыланды. Мәжіліске қатысушылар әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің 2-құрылтайын 2006-жылдың 12-14-қыркүйегінде Астанада өткізу туралы шешімді бекітті.