Әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілері құрылтайының хатшылығы екінші сьезді өткізу туралы тұжырымдаманы тұтастай мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-9 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлемдік және дәстүрлі  діндер жетекшілері  құрылтайының хатшылығы екінші сьезді өткізу туралы тұжырымдаманы тұтастай мақұлдады

Әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілері құрылтайының хатшылығы екінші сьезді өткізу туралы тұжырымдаманы тұтастай мақұлдады

Әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің құрылтайының хатшылығы екінші құрылтайды өткізу туралы тұжырымдаманы және осы ұйым аясында дінаралық диалог жүргізу принциптерін тұтастай мақұлдады. Бұл туралы бүгін, 13-қазанда Түркістанда хатшылық мәжілісінің қорытындысын жария еткен хатшылық төрағасы Нұтай Әбіқаев журналистерді құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 13 Қазан 2004
  • 415
Фото - Caravan.kz

Хатшылық мәжілісінің қорытындысы бойынша меморандумға қол қойылды.

Мәжілістің жұмысын қорытқан Н.Әбіқаевтың айтуынша, «хатшылық проблемаларды дұрыс талқылай алды». «Қандай да бір мәселе бойынша ақырғы шешім қабылданбай қалса, оның оқасы жоқ. Бұл жалпыға ортақ проблемаларды шешуге деген біздің дәйекті көзқарасымызды паш етеді»,- деді ол.
«Ең бастысы, біз бір-бірімізбен танысып, әр қатысушының тақыметін тереңірек бағамдадық. Басты мақсатқа қол жетті. Біз толыққанды әрі қызу пікірталастар өткіздік, бірақ олар диалог өткізу принциптерінің аясынан шыққан жоқ»,- деді Н.Әбіқаев.
Мәжіліске қатысушылар әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің 2-құрылтайын 2006-жылдың 12-14-қыркүйегінде Астанада өткізу туралы шешімді бекітті. «Сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндерімен орайлас келетін бұл күндер барлық дін өкілдерінің жұмыс істеуіне мүмуіндік береді»,- деді Н.Әбіқаев.
Хатшылық екінші құрылтай жетекшілерінің мәлімдемесінің жобасы мен құрылтай жарғысының жобасын жасау жұмыстарын одан әрі жалғастырады. Бұл жобалар хатшылықтың 2005-жылғы мамыр айында Алматыда өтеді деп межеленген кезекті мәжілісінде талқыланады.

Перейти к новостям спорта