Әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің ІІІ сьезі 2009-жылы Астанада өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің ІІІ сьезі 2009-жылы Астанада өтеді

Әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің ІІІ сьезі 2009-жылы Астанада өтеді

АСТАНА. 13-қыркүйек. Kazakhstan Today. Әлемдік және дәстүрлі дін басшыларының кезекті ІІІ сьезі 2009-жылы Астанада өтеді. Бүгін Әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің ІІ сьезіне қатысушылар осындай шешім қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 13 Қыркүйек 2006
  • 458
Фото - Caravan.kz

«Әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің сьезі тұрақты жұмыс істейтін беделді халықаралық форумға айналғанын қуанышпен айта аламын. Бұл конфессияаралық диалог айрықша қажетті идея екенін және ол халықаралық өмірдегі нақты факторға айналғанын меңзейді»,- деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің қорытынды сөзінде.

Мемлекет басшысы Қазақстанның мәдениеттер мен діндер диалогын қамтамасыз етуге жұмсаған күш-жігеріне жоғары баға бергені үшін сьезге қатысушыларға ризашылық білдірді. «Бұл Қазақстанның ішкі -сыртқы саясатындағы шешуші басымдықтардың бірі болып мәңгілікке қала береді»,- деді президент.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта