Бұл туралы Димаштың досы Алпамыс Шәрімов өзінің парақшасында жариялады, деп жазады Caravan.kz.
"Димаш, мынау саған. Мен үйде күйеуіммен отырмын, ол әне — артымда. Сен өте дарындысың. Мен сенімен таныс болғаным үшін өте қуаныштымын және өмірдегі бар жақсылықты тілеймін. Дәл осы күні дүниеге ерекше даусы бар талантты баланың келгені қандай қуанышты! Мынау саған", — деп Лара Фабиан Димашқа арнап ән шырқап берді.
Айта кетейік, бұрынырақ әнші Димаш Құдайбергенді әкесі Қанат Айтбаевтың әдемі тілек айтып құттықтағанын хабарлағанбыз.
Ева Лонгория да Димашты туған күнімен құттықтап, оның әлемдегі ең талантты әнші екенін және оны кездестіргеніне қуанышты екенін айтып, өмірдегі барлық жақсылықты тіледі.