Әлемге әйгілі қазақстандық пианист Элеонора Бекова күйеуін ұрды деп айыпталуда - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлемге әйгілі қазақстандық пианист Элеонора Бекова күйеуін ұрды деп айыпталуда

Әлемге әйгілі қазақстандық пианист Элеонора Бекова күйеуін ұрды деп айыпталуда

Есімі әлемге әйгілі пианист, Қазақстанның тумасы Элеонора Бекова күйеуін ұрды деп айыпталуда. Осындай ақпарат бұл күндері британдық баспасөз бетінде жарияланып жүр. «Жұбайымнан таяқ жедім» деп полицияға музыканттың жолдасы Филипп Лингард арызданған көрінеді. Еңгезердей ер азамат Лондон полициясына  денесіндегі соққы іздерін де көрсетіпті.

  • 10 Маусым 2011
  • 432
Фото - Caravan.kz


Біз әзірге Элеонора Бекованың өзімен тікелей хабарласа алмадық. Дегенмен жарияланған ақпаратқа сай жерлесіміз тергеу абақтысына қамалып, кейін кепіл ақшамен босатылған. Қазір  аталмыш істі Лондон соты қарап жатыр. Элеонора Бекованың өзі тағылған айыптардың барлығын жоққа шығарды. 13 жыл отасқан күйеуімен қаржы мәселесіне қатысты келіспеушілік болған екен. “Бірақ,еңгезердей еркек әл беруші ме еді? Жатыпішердің нағыз өзі. Ақша бермедің деп,атыма кір келтіріп жүр” — дейді әйгілі музыкант. 59 жастағы Элеонора Бекова Қарағандыда туған. Әйгілі Нақыпбековтар триосының мүшесі, 20 жылдан бері  Англияда тұрады, Еуропаның ең таңдаулы залдарында концерт қойып жүрген музыканттардың бірі. Ол жергілікті көрермендер арасында “Лондон Шахерезадасы” атанып та кеткен.

Соңғы жаңалықтар