Біз әзірге Элеонора Бекованың өзімен тікелей хабарласа алмадық. Дегенмен жарияланған ақпаратқа сай жерлесіміз тергеу абақтысына қамалып, кейін кепіл ақшамен босатылған. Қазір аталмыш істі Лондон соты қарап жатыр. Элеонора Бекованың өзі тағылған айыптардың барлығын жоққа шығарды. 13 жыл отасқан күйеуімен қаржы мәселесіне қатысты келіспеушілік болған екен. “Бірақ,еңгезердей еркек әл беруші ме еді? Жатыпішердің нағыз өзі. Ақша бермедің деп,атыма кір келтіріп жүр” — дейді әйгілі музыкант. 59 жастағы Элеонора Бекова Қарағандыда туған. Әйгілі Нақыпбековтар триосының мүшесі, 20 жылдан бері Англияда тұрады, Еуропаның ең таңдаулы залдарында концерт қойып жүрген музыканттардың бірі. Ол жергілікті көрермендер арасында “Лондон Шахерезадасы” атанып та кеткен.