Жарияланды: 550

Әлемге ортақ проблемаларды шешу ұлттық даму стратегияларының құрамдас бөлігіне айналуға тиіс - Путин

Астана. 30 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Әлемге ортақ проблемаларды шешу ұлттық даму стратегияларының құрамды бөлігіне айналуға тиіс. Бұл туралы бүгін Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдерді үкімет басшылары кеңесінің 7-ші отырысында Ресей Федерациясының үкімет басшысы Владимир Путин мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Әлемге жаппай ортақ тауқыметтерді шешу ұлттық даму стратегияларының құрамды бөлігіне айналатын уақыт жетті. Бұл барлық елдердің мүдделерін ескеруді және интеграциялау қабілетін, жаңаша көзқарастар мен идеяларды талап етеді. Біздің көз алдымызда сапалық тұрғыда жаңаша геосаяси ахуал қалыптасып келеді. Жаңа экономикалық өсу мен саяси ықпал орталықтары жедел қарқынмен нығая түсуде. Құндылықтар мен даму модельдері бәсекелестікке түсті. Осындай жағдайда күш біріктіре отырып ғаламдық және аймақтық қауіпсіздік пен дамудың жаңа архитектурасының трансформациясын тез арада аяқтауымыз қажет ", - деді В. Путин. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін