8 жасында-ақ шахматтың ең үлкен турнирларынан көрініп, 12-інде әлемнің үш дүркін чемпионы болған Жансая биыл Гиннестің рекордтар кітабына енбек. «Қыздар арасындағы ең жас гроссмейстер» деген атақпен. Жас спортшы оған жақында Украина мен Ресейде «үздік» 12 шахматшы арасында өткен халықаралық сайыста қол жеткізіп отыр. Бұған дейін бұл атақ 13-інде топ жарған қытайлық Хоу Ифань тиесілі болып келген.
Жансая Әбдімәлік, гроссмейтер:
— Қатты қуандым. Өйткені халықаралық сайыстарға қатысқаннан-ақ осыны армандап едім. Меніңше, ең жас грассмейтер атану керемет.
Бір қызығы, соңғы турнирде жас жағынан қарсыластары Жансаядан он есеге үлкен болыпты. Бірақ ойынға ол кедергі емес. Керісінше, жігерлендіре түспесе. Айналымы 11 кездесуге негізделген ойында бірден 7 ұпайды қанжығалап, барлығын артта қалдырған. Әрі ойы жүйрік қыз алдын ала үш бағыттағы жүрісті жадында ұстап отырады екен.
Жансая Әбдімәлік, гроссмейтер:
— Ойланған кезде әртүрлі жүрістерді алдын ала көріп, диаграмма құрып отырамын. Сосын қайсысы тиімді соны жүремін. Сондықтан болар менің стильмді «ер адамдарға жақын» дейді мамандар. Алдыма келген қарсыластын да қорқатыны осы. Оны іштей сезіп отырамын.
Қазақ қызыныңойы өткір, жүрісі ұтқыр екендігіне тіпті әйгілі Гарий Каспаровты шыңдағын Александр Никитин де тәнтті екен.
Данияр Әбдімәлік, Жансаяның әкесі:
— Гроссмейтер болу үшін үлкен үш турнирден өтеу қажет. Біріншісін Жансая былтыр Малайзияда орындады. Ал тағы екеуін биыл жеңді. Енді Халықаралық шахмат федерациясының шешімімен 1-ші қыркүйекте ресми түрде гроссмейстер куәлігі табыс етілмек.
Ал бұл — спортшының қоржынындағы медальдары. Санап санынан жаңыласың. Айтпақшы, Жансая қазір Сингапурдегі шахматшылар академиясында білім алып жатыр.
Десе де шахмат ханшайымының тағы бір үлкен арманы бар. «Болашақта жеке шахмат мектебін ашсам» деген. Тіпті тұңғыш шәкіртін де дайындай бастаған.