Жарияланды: 970

Әлемнің ондаған тілдеріне аударылған Елбасы туралы және Н.Назарбаевтың төл туындылары Астанадағы көрмеге қойылды

Әлемнің ондаған тілдеріне аударылған Елбасы туралы және Н.Назарбаевтың төл туындылары Астанадағы көрмеге қойылды

Бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігі Астанадағы ҚР Ұлттық академиялық кітапхана қорына шет ел халықтарының тілдерінде жарық көрген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кітаптарын және Елбасы туралы кітаптарды сыйға тартты.

Кітапхана қорына табыс етілген кітаптар бүгін арнайы ұйымдастырылған көрмеге қойылды. Олардың арасынан әр жылдары Президент қаламының ұшынан шыққан «Қазақстандық жол», «Сындарлы 10 жыл», «Еуразия жүрегінде», «Бейбітшілік эпицентрі» шығармаларын және Джонатан Айткеннің «Нұрсұлтан Назарбаев және Қазақстанның құрылуы» кітабінің ағылшын, араб және орыс тіліндегі нұсқаларын, Пьер-Люк Сегийонның «Еуразия тұғыры» атты туындысын көруге болады. ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойы құрметіне арналған рәсімде ҚР Сыртқы істер министрлігінің Жауапты хатшысы Рәпіл Жошыбаев, бұл кітаптар түрлі елдердің қоғамдық-саяси, ғылыми-зерттеу топтарының шынайы қызығушылығына ие болып отырғандығын атап өтті. «Елбасының егемен Қазақстан жетістіктерінің сырын ашқан «Қазақстандық жол» деп аталатын кітабын атап өтер едім. Аталмыш кітаптың 30-дан аса тілге, соның ішінде ағылшын, француз, испан, араб, қытай, жапон тілдеріне аударылуы тегіннен тегін емес», - деді Р. Жошыбаев.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін