Әлемнің танымал 100 кітабы қазақ тіліне аударылады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+34 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлемнің танымал 100 кітабы қазақ тіліне аударылады

Әлемнің танымал 100 кітабы қазақ тіліне аударылады

«Нұр Отан» ХДП «Жас отан» жастар қанаты «Кел, жастар, оқылық!» республикалық шарасын қолға алып отыр.

  • 14 Қаңтар 2013
  • 493
Фото - Caravan.kz

Оның аясында әлемнің ең танымал 100 кітабын қазақ тіліне аудару жоспарланған.

«Жас отан» жастар қанатының мүшесі Бақытжан Нарымбетовтың айтуынша, әлемнің үздік 100 кітабын іріктеу үшін арнайы комиссия құрылатын болады. Оның құрамына жас филологтар, белгілі блогерлер, ақын-жазушылар кіреді. Олар мемлекеттік тілге аударылатын әдебиеттің сапасын бағалайды. Сондай-ақ ғаламторда сауалнама жүргізіледі. Ол арқылы жастар өз дауысын қосып, үздік 100 кітапты іріктеуге қатыса алады.

Жалпы, «Кел, жастар, оқылық!» республикалық шарасының басты мақсаты — қазіргі жастардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру. Ол үшін сан алуан мәдени іс-шараларды да ұйымдастыру жоспарланған.