Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі қалалық Мәдениет және спорт басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.
Мұнда 4-31 шілде аралығында «Astana Around Us» фотоөнер фестивалі өтеді. Экспозиция екі бөлімнен тұрады: 1-15 шілдеге дейін және 16-31 шілдеге дейін жалпы көрмеге Яман Ибрагим (Yaman Ibrahim, Малайзия), Раринда Пракарса (Rarindra Prakarsa, Индонезия), Даниэль Чонг (Daniel Cheong, Франция), Арслан Мұхаммед Біләл (Аrslan Muhammed Bilal, Түркия), Андрей Пугач (Беларусь), Сергей Федоров (Өзбекстан), Рузел Абдулла (Ruzely Abdullah, Малайзия), Стефан Шафер (Stefan Schaefer, Германия), Мирослав Петраско (Miroslav Petrasko, Словакия), Виктор Магдеев, Тұрар Қазанғапов, Игорь Югай және Валерий Аяпов (Қазақстан) сынды 120 фотографтың туындылары қойылады. Фестивальге қатысушылардың барлығы өз ісінің хас шеберлері және өз еңбектерін ірі халықаралық фотоэкспозицияларға шығарған.
«Astana Around Us» фотокөрмесінің құрметті қонағы «Санкт-Петербург Суретшілер одағы» қоғамдық бірлестігінің Басқарма төрағасы, академик Александр Сайков.
"Фестивальдің мақсаты – Астананың сәулетіне және сұлулығына қоғам назарын аудару және жалпы Қазақстанда фотосурет өнерін дамыту. Бұдан басқа, фестиваль фотографтардың өзара танысу және қарым-қатынас алаңына айналады. Елордалық «Astana Around Us» фотоөнер фестивалінің ашылуы ертең 4 шілдеде, сағат 17:00-де «Нұржол» сулы-жасыл желекжолында («ҚазМұнайГаз» ғимараты жағынан) өтеді" — дейді ұйымдастырушылар.
Фестивальге қатысқан жұмыстар ай соңына дейін алаңда болады.