«Cinema against pain 2001″ жобасы айықпас дертке шалдыққан балаларға арналған. Жобаның мақсаты, оларға қойылған диагнозға қарамастан бұл балаларға танымал музыкант, әртіс және кино жұлдыздарымен кездесу ұйымдастыру», деп атап өтілген хабарламада.
Жоба шеңберінде 1-желтоқсанда Алматыда отельдердің бірінде мүмкіндігі шектеулі балалар музыканттармен, мультипликаторлармен, режиссер және актерлермен кездеседі, оның арасында Голливуд жұлдыздары Синтия Ротрок, Арманд Ассанте, Боло Янг, Дэнни Трэхо, Дон «Дракон» Уилсон, Оливье Грюнер, Кэрри Тагава болмақ.
2-желтоқсанда Алматыға әлемдік кинематографтың аты аңызға айналған актері Ален Делон келмек.
«Қазақстанға алғаш рет сапармен келетін атақты актер айықпас онкологиялық дертке шалдыққан балаларға арналған хосписке барады», делінген онда.
Жобаның басқа қатысушылары, яғни Авраам Руссо, Агния Дитковските, Ирина Дубцова сол күні Онкология институтының балалар бөлімшесіне барады.
2-желтоқсанда кешке жоба қонақтары Royal Tulip Almaty отелінің қызыл кілемшесімен жүріп өтеді.
Қайырымдылық бағдарламасы қайырымдылық гала-кешкі ас берумен аяқталмақ, оның шеңберінде киножобалардың эксклюзивті тұсау кесер рәсімдері жүргізілмек, қайырымдылық аукциондар ұйымдастырылмақ және алғашқы қазақстандық кинонаградалар табыс етілмек. Қайырымдылық кешін танымал ресейлік актерлер — Елена Корикова және Сергей Астахов жүргізеді.
Хабарламада атап өтілгендей, аукционнан түскен ақша Алматының 1-ші балалар хосписіне реанимациялық автомобиль сатып алуға жұмсалмақ.