Әлеуметтік әл-ауқат басты назарда - профессор Мұхтар Маханов - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлеуметтік әл-ауқат басты назарда - профессор Мұхтар Маханов

Әлеуметтік әл-ауқат басты назарда - профессор Мұхтар Маханов

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына 2011 жылғы Жолдауының стратегиялық мәні аса зор екені белгілі, дейді Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың Ғылыми-техникалық баспа орталығының директоры, профессор, ҚР Мәдениет қайраткері, Мұхтар Маханов.

  • 5 Шiлде 2011
  • 503
Фото - Caravan.kz


Себебі, Жолдауда Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы қорытындыланып, болашақтағы онжылдықтың бағыт-бағдарлары белгіленген еді. Жолдауда көтерілген мәселелер ретіне қарай орындалуда. Соның бірі — халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру және табысын арттыру. Зейнетақы мен бюджеттік сала қызметкерлерінің еңбекақысы екі жыл бұрын екі рет 25 пайызға өсірілгені белгілі. Үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан зейнетақы мен шәкіртақы 30 пайызға көтерілді. Ал бюджеттік сала қызметкерлерінің еңбекақысы 1-шілдеден бастап 30 пайызға өсіп отыр. Бұл біздің елімізде халықтың әлеуметтік әл-ауқатының әрқашан басты назарда болатындығының көрінісі. Осы мәселеге Елбасымыз үлкен мән беріп отыр. Бюджеттік сала қызметкерлеріне осындай қамқорлық жасалып отырғаны бізді қуантады. Жолдауда сонымен қатар, жоғары оқу орындарында ғылымды дамытуға түбегейлі өзгерістер жасау және мамандар даярлауға талапты күшейту жоспарланған еді. Бұл мәселелер де өз ретімен шешілуде. Бұл біздің жоғары оқу орындарымыздың әлемдік деңгейдегі оқу орындарының қатарына қосылуына, мамандарымыздың әлемде танылуына оңды әсерін тигізеді деп ойлаймын.

Соңғы жаңалықтар