Әлеуметтік әріптестік форумына қатысушылар Шахтинскіде болған жарылыстан қаза тапқандарды минуттық үнсіздікпен еске алды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлеуметтік әріптестік форумына қатысушылар Шахтинскіде болған жарылыстан қаза тапқандарды  минуттық үнсіздікпен еске алды

Әлеуметтік әріптестік форумына қатысушылар Шахтинскіде болған жарылыстан қаза тапқандарды минуттық үнсіздікпен еске алды

Бүгін, 6-желтоқсанда Астанада басталған әріптестік форумына қатысушылар Қарағанды облысының Шахтинск қаласында болған жарылыстан қаза тапқан шахтерларды минуттық үнсіздікпен еске алды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 6 Желтоқсан 2004
  • 372
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 5-желтоқсанда Қарағанды облысындағы «Шахтинская» шахтасында метан жарылысы салдарынан 23 адам мерт болды, бірнеше адам жарақаттанды.

Бүгінгі форум ҚР президентінің «Әлеуметтік -экономикалық және еңбек қатынастары саласындағы әлеуметтік әріптестік туралы» қаулыға қол қоюына 10 жыл толуына арналады. Форумға ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов, Халықаралық еңбек ұйымы директорының орынбасары- ұйымның Еуропа мен Орталық Азиядағы аймақтық департаментінің директоры Фридрих Буттлер, республикалық, салалық және аймақтық әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссиялардың өкілдері, сондай-ақ, парламент депутаттары мен үкімет мүшелері қатысуда.
Бас қосуға қонақ ретінде Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Грузия, Ресей, Словакия, Тәжікстан, Түрікменстан, Украина, Германия және АҚШ елшіліктерінің өкілдері шақырылған.

Перейти к новостям спорта