Әлеуметтік демалыс деген не және ол кімдерге беріледі - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлеуметтік демалыс деген не және ол кімдерге беріледі

Әлеуметтік демалыс деген не және ол кімдерге беріледі

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылғы 17 ақпанда әлеуметтік демалыс кімге және не үшін берілетіндігін айтты

  • 17 Ақпан
  • 8
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

ҚР ЕХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің бас сарапшысы Бибарыс Тәңірбергенұлының айтуынша, Еңбек Кодексінің 87 бабына сәйкес қызметкерлерге әлеуметтік демалыс алу құқығы беріледі. Атап айтқанда: 

  • жалақы сақталмайтын демалыс; 
  • оқу демалысы; 
  • жүктілікке және бала тууға, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты демалыс; 
  • бала 3 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс; 
  • бір жыл ішінде 3 жұмыс күнінен аспайтын скрингтік зерттеулерден өтуге арналған демалыс; 
  • кемінде 3 жұмыс күні көлемінде 12 аптаға дейін жүктілігі бойынша медициналық есепке қою бойынша демалыс; 

«Әлеуметтік демалыс — бұл ана болу үшін қолайлы жағдайлар жасау, скрингтік зерттеуден өту, балаларды күту,  өндірістен қол үзбей білім алу және басқа да әлеуметтік мақсаттар үшін қызметкерді белгілі бір кезеңге жұмыстан босату». Бибарыс Тәңірбергенұлы

Оның айтуынша, көрсетілген демалысты беру жұмыс берушінің актісімен рәсімделеді. 

«Егер ҚР Заңдарында өзгешелік көзделмесе, әлеуметтік демалыста болу кезеңі еңбек өтіліне есептелетінін атап өткен жөн»,- деп қорытындылады маман. 

Перейти к новостям спорта