Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі байқауына өтінім қабылдау жалғасып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 516.01
  • 582.47
+22 °C
Алматы
2025 Жыл
9 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі байқауына өтінім қабылдау жалғасып жатыр

Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі байқауына өтінім қабылдау жалғасып жатыр

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры XXI Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі аясында республикалық деңгейдегі әлеуметтік идеялар мен жобалар байқауын жариялайды.

  • 28 Наурыз
  • 1
ФОТО: fnn.kz

Биылғы тақырып: «Қазіргі әлемдегі жастар мен жасөспірімдерді қолдау: сын-қатерлер мен шешімдер».

Жобаңыз жастардың өмір сүру сапасын жақсартуға, кәсіби дамуына, қауіпсіздігіне және психологиялық әл-ауқатына бағытталса, қапы қалмаңыз!

Кімдер қатыса алады:

✅Коммерциялық емес ұйымдар

✅Бастамашыл топтар

✅Әлеуметтік кәсіпкерлер

Байқаудың негізгі бағыттары:

✅ Жастардың кәсіби дамуы – тәлімгерлік, кәсіби бағдар беру, жұмысқа орналасуға көмектесу.

✅ Психологиялық қауіпсіздік және зорлық-зомбылықтың алдын алу – психикалық және жыныстық денсаулықты қорғау, буллингке қарсы күрес.

✅ Цифрлық қауіпсіздік және медиа сауаттылық – киберқауіптерден қорғану, сыни ойлау дағдыларын дамыту, интернеттегі этиканы қалыптастыру.

Байқауды өткізу мерзімі

Өтінім қабылдау: 1 наурыз – 30 сәуір 2025 ж.

Жобаларды бағалау: 5 – 12 мамыр 2025 ж.

Финалдық кезең (онлайн-қорғау): 21–22 мамыр 2025 ж.

Қалай өтінім беруге болады?

Толық ақпарат fnn.kz сайтындағы «Жаңалықтар» бөлімінде.

Байланыс нөмірі:

Ершиманова Гүлнәр Орынбасарқызы

8 (727) 339-65-37

innovaproekt@fnn.kz

Байқауға атсалысыңыз! Жастарды қолдау — елдің болашағы!