«Бүгінгі жағдаймен Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар өңірлерді өндірістендіруге белсене кірісті. Олардың қарауына 12,3 млрд доллардың 335 жобасы келіп түсті», — деді Е. Мамытбеков.
Оның мәліметінше, жалпы саннан 479,8 млн доллардың 28 жобасы мақұлданды. Сондай-ақ, 8,9 млрд доллардың 59 жобасы жұмыста жатыр.
«Құрылған жеті ӘКК-ның үшеуі — «Сарыарқа», «Батыс» және «Оңтүстік» нақты жұмысқа кірісті, оған 3,5 млрд теңге жұмсалды», — деді вице-министр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті