Әлеуметтік саладағы реформаларды жүзеге асыру жылдамдығы еліміздің бәсекелестік қабілетін арттыруға демеу бола алмай отыр - ҚР үкімет басшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлеуметтік саладағы реформаларды жүзеге асыру жылдамдығы еліміздің бәсекелестік қабілетін арттыруға демеу бола алмай отыр - ҚР үкімет басшысы

Әлеуметтік саладағы реформаларды жүзеге асыру жылдамдығы еліміздің бәсекелестік қабілетін арттыруға демеу бола алмай отыр - ҚР үкімет басшысы

"Әлеуметтік саладағы реформаларды жүзеге асыру жылдамдығы еліміздің ұзақ мерзімді бәсекелестік қабілетін арттыруға демеу бола алмай отыр. Бұл әсіресе адам капиталын дамыту деңгейін айқындайтын білім беру және денсаулық сақтау саласына тән". Бүгін, 5-ақпанда Астанада өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 5 Ақпан 2004
  • 2638
Фото - Caravan.kz

«Білім беру саласында ең басты мәселе шешімін таппай отыр. Нақты айтсақ, түрлі салалардағы инновациялық дамуға арналған жоғары білікті мамандар дайындауды қамтамасыз ете алатындай әлемдік деңгейдегі тиімді жүйе қалыптаспай отыр»,- деді Д.Ахметов. Оның айтуынша, «егер таяудағы бірнеше жылда елімізде «замана талабына сай білім беру базасы » құрылмаса, ондай жағдайда Қазақстанға келешекте «интеллектуалдық әлеуеттің ауқымды бөлігінен айрылып қалу» қаупі төніпеді».

«Сол себепті, білім және ғылым министрлігіне білім беру жүйесін дамыту тұжырымдамасын толықтырып жасау жұмысын үстіміздегі жылы жеделдете тәмамдап, оны жүзеге асыра бастау талабы қойылады»,- деді Д.Ахметов.
Үкімет басшысының пайымдауынша, денсаулық сақтау саласындағы басты тауқымет — саланы қаржыландырудың тиімді үлгісінің жасалмауы болмақ. «Ақысыз медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне жұмсалатын қаржы жылдан-жылға арта түсуде. Соған қарамастан, дәрігерлік қызметтің сапасы мен оған қол жеткізу мүмкіндігінде ешбір өзгеріс байқалмайды»,- деді үкімет басшысы.
Оның айтуынша, осыған байланысты үкіметтің басты мақсаттарының бірі — білім беру және денсаулық сақтау жүйелеріне құрылымдық өзгертулер жүргізу болмақ. Бұл жұмысқа министрлер кабинеті биыл кірісуі тиіс.
Сондай-ақ, әлеуметтік маңызды мақсаттардың қатарында үкімет басшысы халықтың басым бөлігін баспанамен қамтамасыз етуді атады. «Бұл салада күрделі қиындықтар бар. Сондықтан біз тұрғын үй құрылысы жөніндегі мемлекеттік бағдарламасын жасауды тездетіп, онда тұрғын үй сапасын жақсарту, оған халықтың басым бөлігі қол жеткізе алатындай жағдай жасауға мүмкіндіктер қарастыру, тозығы жеткен және апат жағдайындағы үйлерді бұзуға, инженерлік желілерді салуға шаралар қарастыру, жалпы алғанда тұрғвн үй қатынастарын үйлесімге келтіру талабы тұр»,- деді премьер-министр.

Соңғы жаңалықтар