Биылдың өзінде 400 мыңнан астам жас қазақстандық Қордың жобалары мен бағдарламаларына қатысты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
2022 жыл жобамызға белсенді қатысқан жаңа таланттардың, дарынды оқушылардың, студенттердің және үкіметтік емес ұйымдардың белсенді өкілдерінің әлеуетін іске асыру жылы болды.
Сонымен қатар, биыл ерекше қажеттілігі бар мыңдаған қазақстандық баланы оңалту үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашылды. Қор «Қамқорлық» жобасын іске асыруды жалғастырды–нейро-ортопедиялық бұзылысы бар балаларға арналған 8 заманауи оңалту орталығы мен 6 ерте араласу орталығы ашылды.
Жалпы, 2020 жылдан бастап 15 оңалту орталығы, 16 инклюзияны қолдау кабинеті және 7 ерте араласу орталығы ашылды. Орталықтың әрқайсысы жылына 600 баланы қабылдайды.
2023 жылы тағы 13 ерте араласу орталығы және аутизм спектрі бұзылған балаларға арналған 8 орталық ашылады. Осылайша, жыл сайын Қазақстан бойынша нейро-ортопедиялық бұзылысы бар 21 000-нан астам бала кәсіби оңалту көмегімен қамтылады.
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы Елбасы Академиясының «Ел үміті» ауқымды бастамасының жобаларына биыл 7 жастан 29 жасқа дейінгі 300 мыңнан астам бала мен жастар қатысты. Бастама аясында «Мың бала», «Елбасы Медалі», «Qabilet» қызметі және т.б. жобалар іске асырылуда.
Ауыл оқушыларына арналған «Мың бала» ұлттық зияткерлік олимпиадасына 2022 жылы 146 692 оқушы қатысты. Тестілеуден өткен үздік5 мың оқушы финалға шықты. Оның1 мыңы жеңімпаз атанды. 310 жеңімпаз дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерге байқаудан тыс қабылданды.
«Елбасы Медалі» жобасына 20 мыңнан астам адам қатысты, оның 7559-ы «Елбасы медалі» белгісімен марапатталды. 2022 жылы мемлекеттік білім грантын жобаның 1323 үздік қатысушысы иеленді.
«Qabilet» баланың қабілетін анықтау және кәсіптік бағдарлау қызметінің арқасында 10-11 жас аралығындағы 82 295 оқушы диагностикадан өтті, оның ішінде 144 бала жоғары нәтиже көрсетіп, тереңдетілген диагностикадан өту үшін «Qabilet» өңірлік қызметіне шақырылды.
Қор биыл әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі аясында әлеуметтік маңызы бар жобаларды ұсынған 10 үкіметтік емес ұйымға қолдау көрсетті. 10 жеңімпаз идеясын іске асыру үшін 3 млн.теңгеден алды.
«Аман келешек» IX балалар инклюзивті фестивалі Қазақстанның350 баласы мен жасөспірімі үшін ерекше оқиғаға айналды. Іс-шара аясында 17 тақырыптық шығармашылық шеберлік сыныптары, квесттер мен воркшоптар өтті. Балалар спортта, шығармашылықта, дизайнда, IT, музыкада және т.б. салаларда жаңа білім мен дағдыларды игерді.
«ЖасSTAR» халықаралық шығармашылық жастар фестивалі 2000-ға жуық қазақстандықтыңбасын қосты. Фестиваль аясында студенттік шәкіртақылар байқауының 80 жеңімпазы марапатталды, «ЖасSTAR Grants Program» грант иегерлері (10 адамға 2 млн теңгеден) мен «ЖасSTAR Awards» байқауының жүлдегерлері (8 адамға 300 мың теңгеден) сыйлық берілді.
Қордың сыйлығын «Алтын тобылғы» байқауының жеңімпаздары деп танылған жас жазушылар да алды. Түрлі номинациялар бойынша марапат сомасы 1 млн теңгеден 3 млн теңгеге дейін жетті.
Биыл «Qolqanat» қайырымдылық акциясымен Қор2000-ға жуық әлеуметтік осал отбасын қамтыды. Әрқайсысы шамамен 55 килограммазық-түлікпен гигиеналық құралдар алды.
Қордың осы және өзге де көптеген жобасы елдегі жаңа талант иелерін анықтауға, мұқтаж жандарға нақты көмек көрсетуге мүмкіндік берді. Қор жобаларының басты құндылығы осы.