Әлеуметтік жеке кодтың дубликатын eGov порталынан алуға болады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлеуметтік жеке кодтың дубликатын eGov порталынан алуға болады

Әлеуметтік жеке кодтың дубликатын eGov порталынан алуға болады

Әлеуметтік жеке коды (ӘЖК) берілгендігі туралы телнұсқасын енді е-үкіметтің сайты - egov арқылы алуға болады, деп жұма күні ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 10 Маусым 2011
  • 578
Фото - Caravan.kz

«Егер ӘЖК куәлігі жоғалған жағдайда, Қазақстан азаматтары тұрғылықты мекен-жайы бойынша ХҚКО (Халыққа қызмет көрсету орталықтары) мен ЗТМО-ға (Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы) жүгінеді. Бұл жағдайда телнұсқаны жоғалтқаны үшін екінші деңгейдегі банктерге немесе «Қазпочта»АҚ-на барып, 165 теңге көлемінде мемлекеттік баж салығын төлеу қажет. Бұдан соң, жеке куәлігіңіз бен түбіртекті алып ХҚКО-на қайта келесіз», — делінген министрліктің таратқан хабарында.

«Осының барлығына Сіз 1күннен 3 күнге дейін уақытыңызды жұмсайсыз. Аталған қызмет көрсету автоматтандырылғаннан кейін, бұл анықтаманы Электрондық үкіметтің порталынан алуға бар жоғы 2 минут уақыт жеткілікті».

Бұл үшін ЭСҚ (Электрондық сандық қолтаңба) алып, Электрондық үкіметтің веб порталына тіркелуіңіз керек. Сұраным өңделгеннен кейін, қажетті анықтаманы алуыңызға болады. Мысалы, жұмысқа орналасу, ЗТМО-дан жәрдемақы алу кезінде қажет болады. 2003 жылдың 7 қаңтарындағы «Электрондық құжат пен электрондық сандық қолтаңба туралы» ҚР Заңының 1 бабының 7 тармағына сәйкес, электрондық сандық қолтаңбамен куәландырылған құжат қағаз тасығыштағы нұсқадағыдай заңды күшке ие болып есептеледі.

Куәлік жеке куәлік пен оралманның куәлігі секілді өзге де ұсынылған құжатта көрсетілген нөмірмен қайтадан беріледі.

Қазіргі күні ең көп сұранысқа ие е-қызметтері қатарында: Жеке тұлғаның жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтары туралы; жеке тұлғаның жылжымайтын мүлігі жоқтығы (бар болуы) туралы; салымшының қаражатының түскендігі және қозғалысы туралы ақпаратты беру анықтамалары.

Айтып өту керек, аталған қызмет ҚР ӘЖК қолданыстан шығарылғанға дейін көрсетілетін болады, делінген ведомство хабарында.

Соңғы жаңалықтар