Әлеуметтік желі арқылы лаңкестікті насихаттаған ақтөбеліктер сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+2 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлеуметтік желі арқылы лаңкестікті насихаттаған ақтөбеліктер сотталды

Әлеуметтік желі арқылы лаңкестікті насихаттаған ақтөбеліктер сотталды

Ақтөбеде лаңкестікті насихаттау немесе лаңкестік актісін жасауға жария түрде шақыру қылмыстық құқық бұзушылығын жасағаны үшін үш адамға қатысты бас бостандығынан айыру үкімі шығарылды.

  • 11 Тамыз 2016
  • 647
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметінен хабарланды.

Сотта анықталғандай, Т.Б.Мәжитов телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып, терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру мақсатында, 2015 жылғы тамыз айында «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде «Абухолид Абдумаджид» атымен өзіне жеке парақша ашқан. Осыдан кейін ол таныстарына қаржылық көмек жасау туралы мәтіндер таратқан. Одан әрі, Мәжитов 2015 жылдың 7-10 желтоқсан аралығында терроризмді насихаттау мақсатында достарына «Уақыт келді ахи», «Ассалам уалейкум ахи біздің уақыт келді Ин ша Аллах», «Қанша жүре береміз ахи» деген мазмұндағы үндеу туралы хат жазып, өзін-өзі жарып «шахид» жасау туралы бейнероликтер жіберген.

Бұдан соң, Т.Б.Мәжитов Шалқар ауданының тұрғындары Е.А.Аманғожин мен М.С.Тұрғанбаевпен телекоммуникациялық желілерін пайдалана отырып, лаңкестікті насихаттаған, сондай-ақ терроризм актісін жасауды жария түрде «Whats app» әлеуметтік желісі арқылы таратқан көрінеді.


Сот шешімімен Мәжитов кінәлі деп танылып, мүлкін тәркілеп, сегіз жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді. Жазаны өтеу жері ретінде түзеу колониясының жалпы режимі айқындалды. Осындай жаза Аманғожинге де тағайындалды. Ал Тұрғанбаев мүлкін тәркілеумен 6 жыл 6 айға сотталды.