Әлеуметтік желіде Айгүл Орынбекпен арада кезекті үлкен дау басталатын сияқты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлеуметтік желіде Айгүл Орынбекпен арада кезекті үлкен дау басталатын сияқты

Әлеуметтік желіде Айгүл Орынбекпен арада кезекті үлкен дау басталатын сияқты

Көпшілікке әлеуметтік желі арқылы танылған Айгүл Орынбек Фейсбукте белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызын жерден алып, жерге салған еді. Онда заңгер Ләйлә Сұлтанқызын бағдарламасының рейтингі үшін неге болса да барудан тайынбайтыны туралы мәлімдеді. 

  • 10 Қараша 2017
  • 5906
Фото - Caravan.kz

Айгүл Орынбек желідегі жазбасында Айнұр есімді заңгерді де атап өткен болатын. Айгүл ол туралы былай деді: "Сосын заңгер Айнұр ханымға телефон соқтым. "Ресейде құлдық көріп сорлап келгендері аздай, енді қазақтардан қорлық көргені қалып еді" деп айқайладым. Бəрі жауап беруден бас тартты".

Енді сол Айнұр Махметова Фейсбук арқылы Айгүл ханымға жауап берді. Caravan.kz Осы жауапты қаз-қалпында жариялап отырмыз.  

"Өткен іске өкінбе" дейді атам қазақ. Бірақ Қазақстан ұлттық арнасы "Əйел бақыты" бағдарламасының продюсері Асыл Алшуринаға "Құлдықтағы тағдырлар-3" түсіріліміне Шымкенттік заңгер əрі блогер Айгүл Орынбекті өтініш айтып шақыртқаныма өкінемін. Қоғам белсендісі, "шыншыл адам" деп сеніп, істің ақ қарасын шешуге атсалысады деген ойда болдым. Сөйткен Айгүл ханым жастарды жинап алып, түкке тұрмайтын əңгіме айтып, жабылып қалған бағдарламаның артын шұқып жүр. Шындығында тап осы оқиғаның басынан бастап болған өзім едім. Қонақ редакторлар Анар мен Гүлмира құлдықта болған қыз-жігіттер келеді, заңгер ретінде құқықтық көмек берсеңіз деп арнайы шақырды. Бірінші түсірілімде хабарға Несібелі мен Ертай келді. Сол күні эфирде елшіліктің үстінен арыз жазу керек деп хабарды түйіндедім. Екінші түсірілімде хабарға Несібелінің бұрынғы жолдасы, енесі жəне Зарина келді. Беттестіру болды. Осыдан кейін барып 7 бірдей адам Шымкенттен келіп, арнайы түсірілім тобымен ҚР Бас прокуратурасы мен ҚР Сыртқы істер минстрлігіне арыз жазып өткізді. Барлық ресми органдардың өкілдері арнайы хатпен шақырылса да, белгісіз себептермен хабарға келуден бас тартты. Сосын мен продюсер, редакторларға Айгүл ханымды шақыртуды сұрадым. Себебі қаншама кəсіби адвокаттар іздегенімде, барлығы дерлік қорғаушы болудан жалтарды. Бірі қомақты гонарар сұраса, біреулері қорықты. Осы желіде менмін деп отыратын орыс тілді адвокаттардың "духы" жетпеді. Əйел бақытының екінші түсірілімінен кейін жастарды Айтуға оңай, Кешкі кездесу бағдарламалары шақырып, олар қатысқан. Айгүл ханым сол хабардан көріп, тегін қүқықтық көмек беретінін айтып, пост жазған екен. Соны мен біреулерден естіп, ол кісіге хабарласып эфирге шығуын сұрадым. Бұл кезде қылмыстық іс Шымкент қалалық ішкі істер басқармасына өтіп, тергеушісі Қанат Жолай мырза маған қылмыстық істің 1 стадияда екенін айтқан болатын. Бұған дейін жастар бірнеше рет барлық органдарға арызданған. Барлық арыз Шымкент құқық қорғау органының кеңсесінен əрі өтпеген. Амалдары таусылғасын тв-дан көмек сұрап келген. Сондай-ақ жастардың нөмерін Айгүл ханымға беріп, оларға да сырттай Айгүл Орынбекті таныстырып айтып түсіндірдім. Жастарға қаржылай көмек сұрап біршама адамдарға хабарластым. Ешкім материалдық көмек бермеді. Тек Астана қаласы 58 мектептің зейнеттегі мұғалімі ғана Несібеліге 18 000 теңге көлемінде ақша берді. Үш түсірілім бойы бүкіл шығармашылық топ аяғынан тік тұрып жүгірді. Қаншама əр саланың мамандары қатысты. Тек соңына дейін болған психолог Марал Сарбасқызы екеуміз едік. Енді келіп барлығымыз шоумен болып, тек жастардың қамын ойлаған Айгүл Орынбек болып шыға келді. Еңбек ортақ. Ешқандай рейтинг үшін хабар болған жоқ. Жанымыз мұрнымыздың ұшында болып, уайым қайғы басым болды. Лəйлə ханым да басқамызда Айгүл ханымды сол күні бірінші рет көрдік. Эфирде Лəйлə ханым алғысын да айтты. Басқасын қайдам өз басым қатты қуандым. Шымкенттен жергілікті заңгер табылғанына. Мұның барлығы тікелей эфирде айтылған əңгімелер. Үшінші түсірілімнен кейін екі тараптағы жастар арасында жанжал болып, бəріміз соңына дейін болып тарастық. Сол түні Айгүл ханым маған хабарласып, "жағдай жасалмаған",-деп айқайлады. Менің түк қатысым болмаса да, Дарын атты редактормен екі баламды алып бардық. Квартира таза емес, тамақ жоқ деген реніштер айтылды. Астанада жарты қазақ сасық пəтерде тұрады. Аш жалаңаш жүр. Егер пəтер сасық болса оны əкім Ə.Исекешовке айтсын. Қолдарынан келгенше көмектескен адамдарға Лəйлə ханымның жеке басын пайдаланып, неге сонша "черный пиар" жасай беретінін түсінбеймін. Іс Шымкент қалалық ішкі істер басқармасына өткенге дейін редакторлардан бастап, продюсер, жүргізуші бəрі зыр жүгіріп еңбек етті. Құшақ жайып қарсы алдық, "Қағанат" асханасында шығарып салдық. Бастан-аяқ өзім жүгірген соң, ішімнен шыққан балам сияқты… енді келіп қатын өсек айтылып, ақша бермеді, жағдай жасамады деп, оттаған əңгіме айтады. Сұлтанқызы да, шығармашылық топта менің екі туып бір қалғаным емес. Мен барлығымен бетпе-бет кездесемін. Маған бла бла бла базардың əңгімесінің қажеті жоқ. Екінші тарап Мəскеудегі адамдарды ұстасам арты жақсы болмайды. Заңгер ретінде екі жақтың да сау болмайтынын жақсы білемін. Фейзбугта тікелей эфирде Айдана сіңлім бізбен бірге министрлікке барып, ешкім заявление жазған жоқ деп өтірік ақпарат айтып отыр. Сендердің көздеріңше Бас прокуратураның алдында сұқбат берген жоқпын ба?! Оның дүйім жұрт эфирден көрген жоқ па? Айналайын Айдана, прокуратурада арызыңды өткізгенде қасыңда болған кім? Қылмыстық іс ІІД-ге беріліп жатыр деп қуана хабарлап отырсыздар. ІІД-ге іс қалай барды? Ұзын сөздің қысқасы бос сөйлей беруге болмайды. Күліп тұрып, артыңнан пышақ ұратын жастардың өсіп келе жатқаны өкінішті. Ешкім сіздерді эфирге зорлап шығарған жоқ. Шықпаймын десең, ешкімнің қолыңа кісен салып апармайды. Бүкіліміз эфирге дейін құжатқа қол қойғанбыз. Өз еркімізбен шығып отырғандығымыз жөнінде. Əділдік iздеп шықтыңдар. Нүктені қоятын сот. Халық та, тв да, мен де, Айгүл де, сіздер де нүкте қоя алмаймыз. Егер нақты бір адамды қаралағысы келсе, сол адамның бетіне барып айтсын. Меніңше бұл жерде бар мақсат Лəйлə ханымның жеке басына тиісу, репутациясына кір келтіру. Бұл үшін заң бар емес пе?! Ол кісі үндемейді. Күліп жүре береді. Барлығын дұрыс түсінуге тырысады. Үндемегесін басынып, құтырады. Енді келіп бүкіл адамға жала жауып, жалпылама сөйлеудің қажеті жоқ. Бүкіл еңбек далаға кетті. Бəріміз сол сасық жерден, масаға таланып, боқтан шыққанбыз. Өлген жоқпыз тіріміз. Фейзбугда тек жаңалық оқып, жəй фото бөлісу үшін отыратын едім. Пост, блог дегенді мүлдем ұнатпаймын. Əлеуметтік желі қып-қызыл өсектің ортасы. Шетінен блогер, шетінен білгіш. Бізде блогерлік қызмет туралы заң жоқ. Сосын əркім жазғыш болып кеткен. Менің ішім күйетіні түк жасаған жоқ бізге деп, бүкіл жұмысты нөл ететіні. Лəйлə ханымның атағын пайдаланғысы келіп атын шығарғысы келе ме, əлде тапсырыспен пост жаза ма, əлде басқа мүддесі бар ма Айгүл ханымды ұқпадым. Жастардың жеке маған еш өкпе-реніштері болмауға тиіс. Бірақ, айдауға еріп бар нəрсені жоқ етіп көрсететіне қарным ашады. Егер дəл менің айтқаным өтірік болса, халықтың да соқыр болғаны. Пиарщиктерден шаршадым.Егер барлығының көкейін тескен ақша болса, мен сол күні жағдай жасалмағаны үшін сұраған ақшасын шашымды сатсам да тауып берейін. 

Фейсбукте әзірге Айгүл Орынбектің бұған қатысты уәжі  шыққан жоқ. Соған қарағанда, ол Айнұр Махметованың жоғарыдағы жазбасын көрмеген сияқты.