Сонымен, фейсбукте не қызық бар?
"…Қызметке күндіз келсем де, кешке келсем де менімен арнайы әңгіме өткізіп, мені кабинетіне шақыратындар көбейіп кетті. Сөйте-сөйте маған тіпті ұрсатындар да табылды. Қойшы, мен әйтеуір күн көруден қалған сияқтымын. Енді не істеуім керек? Бұл мекемеден кетуім керек пе? Кеткенде қайда барамын? Басқа мекемелер де осы мекеме сияқты шығар, онда да ұрсатындар жоқ деймісің? Қызмет дегенің қып-қызыл ұрыс екен ғой, оны кім білген! Өлім-жітімі жоқ дегенің болмаса, екінші бір соғыс екен ғой!"
Қасым Қайсенов, "Соғыстан кейінгі өмір" очеркінен. Dauren Berikgazyuly
* * *
Ғашықтық ғаламаты
Іздеп жүріп табу емес, кездейсоқ дөп келу. Үздіксіз талпыну емес, бірден талап ету. Бірқалыпты үдеу күйі емес, желаяқ секілді шұғыл суырылу және көмбеде тосын пайда болу. ("ЖЕңімпаз Ерік" кітабынан)
* *
Қазіргі біздің оқымыстылар қызық: А деп жазады, А дегенің дұрыс емес қой десең, "мен астарлап жаздым, Б деп түсінсеңші" дейді. Өздерін Кафка көреді-ау деймін.
* * *
Ит және көкжал
Ит пен көкжал – аша жол. Бір-бірін азық етпейтін олардың өзара жек көрісуі әу бастағы түпнұсқа түрдің текті жолына өзім ғана мирастық еттім деген “өркөкірек ойдың” салқыны.
Түпнұсқа түрдің қозғалысында әрі өзінен айнымау, әрі ортаға бейімделу сынды екі түрлі талап қабаттасқан болады. Көкжал өзінің түпнұсқаға адалдығынан айнымас қатаң табиғатымен, ешкімге илікпес қайсарлығымен мақтанса, ит бөгде түрге адал болып түпнұсқадан азса да, ортаға бейімделіп, өмір сүруге қабілеттілігін паш еткенін, барлық аң-құсты ығыстырған жеңімпаз қожайынның сүйікті көмекшісіне айналғанын мақтан тұтады.
Әрине, ит иесіне сүйенеді, ал көкжал Тәңірісін медет етіп өзіне сүйенеді.
Ит тірліктің мағынасы өзге біреудің ілтипатына байланған тою мен ашығу. Оның ережесі, кім күшті болса соған бойсұну, соған қызмет ету, кімнің тарысы піссе, соның тауығы болу.
Көкжал тірліктің мағынасы – өз жортуылы мен шабуылына сүйенген жеке-дара күрес, еркін таңдау, ерікті өмір сүру. Біздің өзара ырылдасуымыз бен таласуымызда да кімдігіміздің қандай мән-мағына алуына қатысты осы тектес сарын мен желі жатыр.
Даму – ит секілді даму және көкжалша даму деп екіге бөлінеді. Алдыңғысы түп негізінен айнып, өз тұқымына бөтенсу, өзге түрге үріп беретін адал құлға айналып сүйек-саяққа кенелу. Кейінгісі өз түпнұсқасын сақтай отырып жетілу, күшею, мағыналы да, қайсар ғұмыр кешіру.
Бізге пайдалы нәрсе біз үшін құнды, киелі болуы екіталай. Ал құнды, киелі нәрсе сөзсіз пайдалы деп айтуға болмайды. Пайда мен құнның кереғарылығын ит пен қасқырдың адамзат өміріндегі орнынан да байқауға болады. Қорамызды күзетіп, адалдығын асырған итті мүдде тұрғысынан жеті қазынаның біріне жатқызып, ал қорамызға шабуыл жасап, қойымызды жәркемдеп кететін бөріге қасқыр деп өшіккенімізбен, болмыстық көзбен қарағанда, тауға, еркін өмірге қарап ұлитын бөрінің құрметі ежелден асқақ.
Біз малдарға мүдде тұрғысынан тәуелдіміз және оны қорғаймыз, дегенмен адами болмыс көзімен бағамдасақ, жабайы хайуандарды малға қарағанда артық қадір тұтатынымыз да рас. Бұл бейне құл иеленушінің көзімен қарағанда өз құлы әлдеқайда пайдалы болғанымен, басқа бір еркін адам қашанда жоғары құрметке ие болатыны секілді әңгіме. (`Жеңімпаз Ерік" кітабы) ИТ және КӨКЖАЛ
Ит пен көкжал – аша жол. Бір-бірін азық етпейтін олардың өзара жек көрісуі әу бастағы түпнұсқа түрдің текті жолына өзім ғана мирастық еттім деген “өркөкірек ойдың” салқыны.
Түпнұсқа түрдің қозғалысында әрі өзінен айнымау, әрі ортаға бейімделу сынды екі түрлі талап қабаттасқан болады. Көкжал өзінің түпнұсқаға адалдығынан айнымас қатаң табиғатымен, ешкімге илікпес қайсарлығымен мақтанса, ит бөгде түрге адал болып түпнұсқадан азса да, ортаға бейімделіп, өмір сүруге қабілеттілігін паш еткенін, барлық аң-құсты ығыстырған жеңімпаз қожайынның сүйікті көмекшісіне айналғанын мақтан тұтады.
Әрине, ит иесіне сүйенеді, ал көкжал Тәңірісін медет етіп өзіне сүйенеді.
Ит тірліктің мағынасы өзге біреудің ілтипатына байланған тою мен ашығу. Оның ережесі, кім күшті болса соған бойсұну, соған қызмет ету, кімнің тарысы піссе, соның тауығы болу.
Көкжал тірліктің мағынасы – өз жортуылы мен шабуылына сүйенген жеке-дара күрес, еркін таңдау, ерікті өмір сүру. Біздің өзара ырылдасуымыз бен таласуымызда да кімдігіміздің қандай мән-мағына алуына қатысты осы тектес сарын мен желі жатыр.
Даму – ит секілді даму және көкжалша даму деп екіге бөлінеді. Алдыңғысы түп негізінен айнып, өз тұқымына бөтенсу, өзге түрге үріп беретін адал құлға айналып сүйек-саяққа кенелу. Кейінгісі өз түпнұсқасын сақтай отырып жетілу, күшею, мағыналы да, қайсар ғұмыр кешіру.
Бізге пайдалы нәрсе біз үшін құнды, киелі болуы екіталай. Ал құнды, киелі нәрсе сөзсіз пайдалы деп айтуға болмайды. Пайда мен құнның кереғарылығын ит пен қасқырдың адамзат өміріндегі орнынан да байқауға болады. Қорамызды күзетіп, адалдығын асырған итті мүдде тұрғысынан жеті қазынаның біріне жатқызып, ал қорамызға шабуыл жасап, қойымызды жәркемдеп кететін бөріге қасқыр деп өшіккенімізбен, болмыстық көзбен қарағанда, тауға, еркін өмірге қарап ұлитын бөрінің құрметі ежелден асқақ.
Біз малдарға мүдде тұрғысынан тәуелдіміз және оны қорғаймыз, дегенмен адами болмыс көзімен бағамдасақ, жабайы хайуандарды малға қарағанда артық қадір тұтатынымыз да рас. Бұл бейне құл иеленушінің көзімен қарағанда өз құлы әлдеқайда пайдалы болғанымен, басқа бір еркін адам қашанда жоғары құрметке ие болатыны секілді әңгіме. (`Жеңімпаз Ерік" кітабы)
Haidar Alphy
Дайындаған ZAIRA Sabitova