Әл-Фарабидің туған жерінде ұлы ғалымның мұражайы ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әл-Фарабидің туған жерінде ұлы ғалымның мұражайы ашылды

Әл-Фарабидің туған жерінде ұлы ғалымның мұражайы ашылды

Оңтүстік Қазақстан облысының (ОҚО) Отырар ауданының орталығында, Шәуілдір ауылында әл-Фарабидің мұражайы ашылды, деп хабарлайды ҚазТАГ тілшісі.

  • 15 Желтоқсан 2011
  • 617
Фото - Caravan.kz

«Мұнда философ, математик, музыка теоретигі Насыр әл-Фарабидің өмірі мен қызметіне байланысты 6 мыңға тарта экспонат жиналды. Мыңға тарта экспонат – эксклюзив», — дейді экспозицияны жасаған этнодизайнер Аманжол Найманбай.

Бұл — дизайнердің 64-ші мұражайы. А. Найманбай соңғы жұмысы үлкен жауапкершілікті талап еткенін атап өтті.

«Бүкіл әлемге танымал ойшылдың отаны қазіргі Отырар ауданы деп есептеледі. Мұражайға келішулерге оның өмірінің басты кезеңдерін ұсыну – үлкен жауапкершілік», — деді дизайнер.

ОҚО әкімдігінің мәліметтеріне сәйкес, мұражайды ашуға қажет қаржы – Т26 млн облыс бюджетінен бөлінді.

Перейти к новостям спорта