”Алға қарай ұмтылу керек. Сол кезде ғана батыр әйел боласың” - Ақбота Нұр - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Алға қарай ұмтылу керек. Сол кезде ғана батыр әйел боласың” - Ақбота Нұр

”Алға қарай ұмтылу керек. Сол кезде ғана батыр әйел боласың” - Ақбота Нұр

Танымал әнші Ақбота-Нұр жеке өмірінен сыр шертіп, жалғызбасты әйелдердің мұңын айтты

  • 28 Тамыз
  • 30
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол “1001 түн” бағдарламасында айтты, — деп жазады Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап.

“Өмірде түрлі нәрсе болады, неше түрлі жағдай мен қиындық болады. Ақ пен қарадан тұратыны да белгілі. Бір кездері бал-бұл жайнап, бақытты өмір сүруің мүмкін. Ертесіне бүкіл байлығыңнан, денсаулығыңнан айырылып, ешкімге керек емес халде болып қалуың да мүмкін. Егер Алла Тағала дәл осы қалпымда тағы да жарататын болса, мен дәл осы өміріммен өмір сүретін едім. Өйткені мен өміріме өкінбейтін адаммын. «Өкінбе сен» дейді ғой. Тек құлаған-сүрінген сәттерде алға қарай ұмтылу керек. Сол кезде ғана сен жетістікке жетесің, сол кезде ғана бақытты әрі батыр әйел боласың”, – деп ойын бөлісті әнші.