”Алғаш рет”: Қазақстан жағажай волейболынан Азия чемпионатында жеңіске жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 520.93
  • 609.07
+32 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Алғаш рет”: Қазақстан жағажай волейболынан Азия чемпионатында жеңіске жетті

”Алғаш рет”: Қазақстан жағажай волейболынан Азия чемпионатында жеңіске жетті

Таиландтың Ройет қаласында жағажай волейболынан жастар арасындағы Азия чемпионаты өз мәресіне жетті.

  • 23 Маусым
  • 6
Фото: olympic.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Olympic.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан құрамасының өкілдері Клим Рюхов пен Владислав Мастихин ел қоржынына алтын медаль салды. Отандастарымыз финалда Қытайдың бірінші құрамасын 2:0 есебімен (21:19, 21:16) жеңді.

Айта кетейік, бұл – Қазақстан волейболы тарихындағы жастар арасындағы Азия чемпионатындағы алғашқы алтын. Бұған дейін біздің командалар тек екінші және үшінші орындармен шектеліп келген.