Алғаш рет қарияларға арналған «Белсенді өмір» орталығы ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алғаш рет қарияларға арналған «Белсенді өмір» орталығы ашылды

Алғаш рет қарияларға арналған «Белсенді өмір» орталығы ашылды

«Белсенді өмір» орталығының ашылуына «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы мен Қазақстан халқы Ассемблеясы түрткі болған.

Елімізде алғаш рет ашылған орталықта мәдени-рухани клубтар, тіл үйрету және компьютерлік сыныптар жұмыс істейді. Енді зейнет жасындағы қариялар шахмат ойн

  • 8 Ақпан 2019
  • 56
Фото - Caravan.kz

Елімізде алғаш рет ашылған орталықта мәдени-рухани клубтар, тіл үйрету және компьютерлік сыныптар жұмыс істейді. Енді зейнет жасындағы қариялар шахмат ойнап, кітап оқып, домбыра тартып, қолөнермен шұғылданып, тіпті фитнес залында жаттығулар жасай алады.

«Ардагерлерді ардақтайық» әлеуметтік қайырымдылық жобасының аясында, Елбасының тапсырмасына орай қарияларға арналған орталық ашып отырмыз. Бұл еліміздегі алғашқы орталық. Енді басқа өңірлерде де қарттарға арналған орындар ашу көзделуде. Зейнеткерлердің уақытын тиімді өткізуде таптырмас орын саналатын орталықтың ашылуымен құттықтаймын», — деді салтанатты шарада «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қадиша Оспанова.

Ардагерлерді белсенді өмір сүруге баулитын орталықта психолог пен заңгерлер де қызмет көрсетіп, кеңес береді.

«Орталықтың ашылуы қалада тұратын ересек адамдар үшін өте маңызды. «Белсенді өмір» орталығына келуші қарияларымыз осында өздерін дамыта жүріп, қоғамға пайдалы істер атқаруға белсене қатысатын болады деген ойдамын. Олар жаңашылдыққа үйреніп, шығармашылығын дамытып, қоғамға өзінің керек екендігін сезінетін болады», — дейді Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Деспина Касапиди.

Зейнеткерлер өмір сапасын жақсартып, қаладағы қариялардың қарттық кезеңін белсенді өткізуіне арналған орынға келетіндердің қатары көбейетініне сенімді. Олар қарияларға деген қамқорлықты сезіну ерекше толқынысқа бөлегенін айтады.


«Бос уақытыңда үйде отырмай, осында келіп, өзіңмен үзеңгілес жандармен әңгімелесіп, шахмат ойнап, домбыра тартып, тарих жайлы пікірлесуден артық бізге ештеңе де керек емес. Мұнда тіпті денсаулығын шыңдағысы келгендерге де жағдай жасалған. Кейбір қарияларымыз компьютер үйренуге де талпыныс танытып жатыр. Бұл жаңа заманның жаңашылдығынан қалып қоймай, заманауи өмірге бейімделудің бір түрі ғой. Осы жақса бастаманың нәтижесінде қарттардың жасы ұзақ болып, болашақ ұрпаққа берер тәрбиесі мен айтар ақылы көп боларына сенімім мол», — дейді Қайролла Дәулетбекұлы.

Соңғы жаңалықтар