«Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы 2013 жылы ұзақ күтілген жобаларының бірін ұсынбақ, бұл қазақ мультипликациясы тарихындағы алғашқы ұлттық толықметражды анимациялық «Ер Төстiк және айдаһар » фильмі, делінген онда.
Ақпаратта атап өтілгендей, алғаш рет қазақстандық мультипликациялық прокат үшін отандық картина 3D форматында шығарылып отыр.
Мультфильмнің режиссерлері Жәкен Дәненов және Рүстам Тұралиев, олар үш жыл жұмыс істеген, негізге қазақтың «Ер Төстік» ертегісі алынған.
«Фильмді жасау кезінде «motion capture» замануи технологиясы пайдаланылды — актерлердің қозғалыстары анимациялық персонаждарға көшірілді», делінген онда.