Алғашқы рейспен Таиланд елінен Алматыға 64 турист оралды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алғашқы рейспен Таиланд елінен Алматыға 64 турист оралды

Алғашқы рейспен Таиланд елінен Алматыға 64 турист оралды

Бүгін, 28-желтоқсанда Таиланд Корольдігіндегі апат аймағында қалған Қазақстандық туристерді бортына алған "Эйр Астана" әуе компаниясының алғашқы ұшағы Бангкоктен Алматыға оралды. Таиланд астанасынан жергілікті уақытпен 05 сағат 20 минутта ұшып шыққан "Эйр Астана" ұшағында алдын-ала тізім бойынша 64 адам келді, олардың жетеуі Пхукеттен шыққан чартерлік рейспен Бангкокке келсе, қалған 57 адам Паттайядан оралды. Олардың арасында Қазақстанда тұрақты тұратын бірнеше шетел азаматтары да бар. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 28 Желтоқсан 2004
  • 379
Фото - Caravan.kz

ҚР СІМ-нің ақпараты бойынша, қазіргі жағдаймен Пхукет аралында Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі істерін уақытша атқарушы Сәкен Сейдуалиев пен дипломатиялық миссияның қызметкері, консул Айдар Жүндібаев жүр.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, аралдағы ауруханада бес Қазақстан азаматы жатыр, олардың екеуі балалар. Елшілердің айтуынша, әзірге аралда болған үш қазақстан азаматы туралы ақпарат белгісіз. Қаза тапқандардың арасынан бұл адамдар табылған жоқ.
Сондай-ақ, отандастырымыз Көкшетау, Ресей (Новосибирск арқылы), Қырғыз (Бішкек арқылы) және Оңтүстік Корея (Сеул арқылы) әуе компанияларының ұшақтарымен де оралуда.
Бангкок әуежайында арнаулы ақпараттық бөлімшелер ашылды. Бұл жерде азаматтар өз дипломатиялық өкілдіктері туралы және құжаттарын жоғалтып алған жағдайда шұғыл құжат рәсімдеу тәртіптері туралы ақпараттарды тікелей әуежайда ала алады.
Елшінің айтуынша, туристердің ата-аналары Астанадағы 8-3172-32-75-46, Алматыдағы 8-3272-70-30-97, Бангкоктегі 8-10-662-234-63-65 санды шұғыл телефондар бойынша анықтама алуына мүмкіндік бар.

Перейти к новостям спорта